Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет148/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163
Насекомдардың маңызы
Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен ролі орасан зор. Бұлардың түрлерінің көпшілігі соншалықты, кезкелген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Арнайы жүргізілген санақ көрсеткіші бойынша, жер бетінде, төменге есеппен алғанда 108 млрд. Насекомдар түрлері тіршілік етеді, сонымен қатар, көптеген түрлердің есепсіз мөлшерде көбеюге бейімділігі және әр түрлі биологиялық процестерге белсенді түрде қатысуы, оларды күшті биологиялық факторға айналдырады. Насекомдардың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымыздың субьективті екендігін естен шығармау қажет.
Табиғатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлер болмайды, болған емес те. Зиянды насекомдар бір жағынан зиянын тигісіп жатса, екінші жағынан пайдасын тигісіп жатады. Мысалы үй қара шыбыны, це-це шыбыны туыстас масалар, туыстас соналар т.б. бірқатар ауруларды жұқтырушылар, ал олардың өздерін және личинкаларын басқа жануарлар қорек етеді, яғни олар табиғаттағы қоректік тізбектің бір буыны.
Соңғы кезде мал шаруашылығында шыбындардың личинкаларын жемдік белок ретінде пайдаланып жүр, бұл биотехнологияның жетістіктерінің бірі.
Насекомдардың табиғаттағы маңызды әрекетінің бірі – гүлді өсімдіктерді тозаңдандыру.
Гүлді өсімдіктердің шамамен 30-проценттен көбі насекомдар арқылы тозаңданады, солардың ішінде жарғаққанаттылардың, қосқанаттылардың, қабыршаққанаттылардың маңызы үлкен.
Топырақ өңдеуде де насекомдардың тигізетін пайдасы өте жоғары, әсіресе қосқұйрықтылар отряды – Diplura, аяққұйрықтылар отряды – Collembola, протура немесе мұртсыздар отряды – Protura өкілдері.
Насекомдардың табиғаттағы санитарлық маңызы да зор. Олар өлікселерді, шіріген заттарды, қиды ыдыратып, табиғат тазалығын сақтауға әжептәуір үлес қосады.
Насекомдар - әрбір биологиялық бірлестіктің қажетті мүшесі организмдердің қоректік тізбегіндегі негізгі буыны, өйткені оларды басқа жануарлар қорек ретінде пайдавланады, әсіресе сүтқоректілер мен құстар.
Насекомдардың беретін өнімдері де адам үшін маңызы зор. Ең алдымен бал арасы, тұт жібек көбелегі жатады. Бұларды адамдар ерте заманнан асырап өсіріп келеді.
Насекомдар дәрілік заттарды - кантаридин, апитоксин, бояулар, лак, балауыз т.б береді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық тәсілін қолданудағы пайдалы насекомдардың - энтомофагтардың да маңызы зор.
Насекомдардың пайдалы жақтарымен қатар зиянды жақтары да бар. Олардың көпшілігі өсімдіктердің тканьдерімен қоректеніп, аса қауіпті зиян келтіреді, өсімдіктердің тамыр жүйелерін, сабақтарын, жапырақтарын, өркенін, бүршігін, гүлі мен жемісін зақымдайды.
Зиянкестердің әсерінен өсімдіктердің зат алмасу процесі бұзылады, өсуі тежеледі, барлық тіршілік әрекеттері нашарлап өсімдік өліп қалады.
Насекомдардың адамға және малдарға келтіретін зияны да аз емес. Олар әртүрлі жұқпалы ауыруларды жұқтырады. Личинкалары паразиттік тіршілік етіп, мал шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет