Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Насекомдардың жіктелуі /Систематикасы/



бет147/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163
Насекомдардың жіктелуі /Систематикасы/
Метаморфоздың, ауыз аппаратының және қанаттарының құрылымындағы ерекшеліктері – насекомдарды классификациялаудың негізі. Соңғы кезде ғалымдар насекомдарды екі класс тармағына және 33 немесе одан да көп отрядтарға бөліп отыр. Біз лекциямызда ең көп тараған және маңызды отрядтарына тоқталып өтеміз.
АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР – APTERYGOTA НЕМЕСЕ ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ENTOGNATHA
Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura
Қосқұйрықтылар отряды – Diplura
Аяққұйрықтылар отряды – Collembola
ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ECTOGNATHA2.
Негізгі отрядтары
Қылтанқұйрықтылар отряды – Thysanura
Бүркүндіктер отряды – Ephemeroptera
Инеліктер отряды – Odonata
Тікқанаттылар отряды – Orthoptera
Термиттер отряды – Isoptera
Таракандар отряды – Blattoptera
Дәуіттер отряды – Mantoptera
Теріқанаттылар отряды – Dermaptera
Теңқанаттылар отряды – Homoptera
Қандалалар отряды – Hemiptera
Биттер отряды – Anoplura
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды – Lepidoptera
Қатқылқанаттылар немесе қоңыздар отряды – Coleoptera
Жарғаққанаттылар отряды – Hymenoptera
Торқанаттылар отряды – Neuroptera
Жылғалықтар немесе түкқанаттылар отряды – Trichoptera
Бүргелер отряды – Aphaniptera
Қосқанаттылар отряды – Diptera
АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР – APTERYGOTA НЕМЕСЕ ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ENTOGNATHA
Бұлар үш отрядқа бөлінеді.
Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura
Қосқұйрықтылар отряды – Diplura
Аяққұйрықтылар отряды – Collembola
Бұлардың қанаттары жоқ, тіпті арғы-тектерінің де қанаттары болмаған болуы керек деп болжайды. Ауыз аппараты бастың жоғарғы жағындағы ерекше капсуланың ішінде орналасқан, сыртқа тек шеттері ғана шығып тұрады. Денесеі бас, кеуде, құрсақ бөлімдерге бөлінген. Кеудесінің сегменттеріндегі үш жұп аяқтароының басқа, құрсағында да рудиментті аяқтары болады, бұлар түрі өзгерген секіру айыршасы, сырғақшалар түрінде дамып локомоторлық мүшелер есебінде қызмет атқарады. Күрделі көздері жоқ. Дамуы анаморфоз жолымен өтеді. Көбінесе топырақ арасында, шөп-шаламдар, ағаш түбірінің қабықтарының астында тіршілік ететін ұсақ насекомдар. Саңырауқұлақтарды, балдырларды жеп, көп зиян келтіреді, сонымен қатар торырақтың қалыптасуында да үлкен орны бар. Қазақстанда зерттелмеген.
ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ECTOGNATHA
Бұл классс тармағына 30-дан астам отрядтар жатады. Қанаттары жақсы жетілген, тек қылтанқұйрықтылар отрядының өкілдерінде қанаттары дамымаған, ал биттер, бүргелер, мамықжегіштер отрядтарының эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты қанаттары екінші реттік түрде жойылып кеткен. Ауыз бөлшектері бастың жоғарғы жағындағы ауыз тесігінің айналасында орналасқан, сырттай жақсы көрінеді. Күрделі фасеттелген көздері бар. Трахея арқылы тыныс алады.
Қосымша отрядтарға дайындалып келуді тапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет