Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет49/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Сезім мүшелері жақсы дамыған. Бұл жерде терінің және жұп қармалауыштарының маңызы зор. Сыртқы ортаның механикалық және химиялық қоздырғыштары терідегі ұзын, қозғалмайтын кірпікшелерге тікелей әсер етеді. Бұл кірпікшелер ішек-қуыстылардың атпа клеткаларының сезімтал жіпшесіне - книдоцильге - ұқсас. Одан ерекшелігі сезімтал кірпікшелері бас ганглияларымен байланысты нерв клеткаларымен жалғасып жатады. Осындай құрылыс жануардың тітіркендіргішке бүкіл денесі арқылы жауап беретінін көрсетеді. Осындай сезім мүшесін сенсилла деп атайды. Кейбір турбеллярилерде (Acoela) ішінде көмір қышқыл кальцилі тастары бар тұйық қапшықтар - статоцистер (тепе-теңдік мүшесі) болады. Статоцист ми үстінде орналасқан.
Көздері бір жұп және олар да тікелей ми үстінде орналасқан. Көздері бірнеше пигментті клеткаларымен астарланған пигментті бокалдан құралады. Бокалдың қуысына рецепторлы клеткалардың сәуле сезгіш бөлігі жалғасады. Олардан нерв талшықтары шығып, көру нерв талшығымен жалғасып, миға қарай бағытталады. Пигментті бокал өзінің ойық жағымен дененің үстіңгі бетіне қарай орналасқан. Сол себепті жарық сәулелері сәуле сезгіш бөлімдерге тимес бұрын, рецепторлы клеткалары арқылы өтеді. Мұндай көздер теріс айналған немесе инвертирленген деп аталады.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Ішекқуыстылармен салыстырғанда ең негізгі күрделіленуі - жыныс клеткаларын сыртқа шығару жолдарының құрылуы. Жыныс жолдары турбелляридің жорғалап тіршілік етуіне байланысты жаңа бейімделушілігі. Турбелляридің көпшілігіне өзіндік қабаты бар жинақы жыныс бездерінің болуы тән.
Төменде келтірілген сипаттама көп тарамды және үш тарамды ішекті турбеллярилер негізінде жазылған.
Аталық жүйесі - паренхимада таралған көптеген ұсақ тұқым бездерінен немесе қалталарынан тұрады. Тұқым бездерінен тұқым шығару түтіктері тарайды. Олар тұқым өткізгіш жолына жалғасады. Жұтқыншақтың екі жағынан созыла келіп, тұқым жолдары бірігіп, тұқым қапшығын құрайды, одан тұқым шашу түтігі шығады да, ол шағылыс (penis) мүшесімен аяқталады. Шағылыс мүшесі жыныс клоакасына еніп тұрады, одан сыртқа суырылып шыға алады. Жыныс клоакасына аналық жыныс жолдары да ашылады.
Аналық жүйесі - бір, екі немесе одан да көп ұсақ жұмыртқа бездерінен тұрады. Жұмыртқа бездерінің санының азаюы, көпшілігінің нағыз жұмыртқа клеткаларын шығару қабілетін жойып, сарыуызға бай клеткаларға айналуына байланысты. Сарыуыздар нағыз жүмыртқа клеткаларға қорек ретінде қызмет етеді. Сірә, эволюция процестері нәтижесінде көптеген жұмыртқа бездерінің бірнеше бөлімі дамымай, басқа жынысты жұмыртқаларға қорек болған, соның нәтижесінде жұмыртқа бездері нағыз жұмыртқа бездеріне және көптеген сарыуыз шығарғыштарға /клеткалары - абортивті жұмыртқалар/ айналған. Жұмыртқа бездерінен артқа қарай бағытталған және сарыуыз бездерінің жіңішке түтікшелерін қосып алатын екі жұмыртқа жолы тарайды. Жұтқыншақтың артқы жағында екі жұмыртқа жолы жыныс клоакасына ашылатын жыныс қынабына қосылады. Соңында, жыныс клоакасына басқа особьтың тұқымдары жиналатын тағы бір қалташық - копулятивті қалтасы ашылады. Әрбір ұрықтанған жұмыртқа клеткасы сарыуыз клеткаларымен қоршалып, жалпы қабықпен /скорлупамен/ қапталады. Соның нәтижесінде күрделі жұмыртқа түзіледі. Ол жалғыз турбелляриге емес, барлық құрттарға тән. Ұрықтануы - іштей. Жұмыртқалар бір-бірден немесе топталып шоғырланып шығарылады, әрбір шоғыр тығыз қабатпен оранып пілләге /кокон/ айналады. Піллә судағы заттарға, өсімдіктерге бекінеді.
Ішексіз турбелляридің жыныс жүйесі ерекше құрылысты. Жыныс клеткалары тікелей паренхимада, жыныс бездерін түзбей орналасады. Кейде жыныс жолдары да болмайды. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеіа) жыныс тесіктері болмағандықтан ішекқуыстыларға тән жыныс жұмыртқалары ауыздан немесе дене тесіктерінен сыртқа шығарылады.
Ұрықтану әдісі де ерекше: бір особьтың шағылыс мүшесі екіншісінің тікелей терісіне немесе паренхимасына енгізіледі. Сперматозоидтар жұмыртқаларға өздері жетіп, оларды ұрықтандырады. Жұмыртқалар толық, бірақ біркелкі емес спиральды түрде бөлінеді. Гаструла құрылғанға дейін жұмыртқа бластомерлері эктодерма түзілетін микромераларға және энтодерма мен мезодермаға бастама беретін 4 макромераларға бөлінеді.
Көп тарамды ішекті турбелляридің (Polycladida) дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Жұмыртқадан "мюллер" деп аталатын личинка шығады. Личинканың денесі жұмыртқа тәріздес, арқа құрсақ бағытында ығыспаған, ішегі тарамдалмаған. Ауыздың алдыңғы жағында 8 ұзын қалақшалары дамыған. Олардың бос шетінде кірпікше түктері болады. Личинка планктонда еркін жүзіп жүріп, кішкене турбелляриге айналған соң ғана су түбіне түседі. Басқа турбеллярилер личинкасыз дамиды.
Кейбір турбелляриялар (Macrosto-mida отряды) қайта-қайта көлденең бөлінуі арқылы жыныссыз көбеюге бейім. Толық бөлінгенге дейін, денесінің артқы жартысында мүшелердің қалыптасуы байқалады: клеткалардың жұп шоғыры пайда болып - ми ганглиялары түзіліп, оның үстінде көзі қалыптасып, жұтқыншақ бастамасы пайда болады. Тек осыдан кейін ғана бөліну басталады. Мүшелердің қалыптасуы мен түзілуі алдын ала жүрген соң екі особь та қоректене, тітіркендіргіштерге жауап бере бастайды.
Көптеген турбеллярияларда денесінің артқы бөлімі алдыңғысынан баяулау бөлінеді де, әрбір жас индивид пайда болғалы жаңа бөлініске дайындала бастайды. Осылайша, Microstomum және басқаларында 4, 8 немесе 16 особьтан тұратын тізбек пайда болады, кейін тізбек жеке особьтарға бөлініп ыдырайды. Мұндай тізбектер - уақытша колониялар. Сипатталған бөліну түрін паратомиялы бөліну деп атайды.
Классификациясы. Көп уақытқа дейін турбеллярилердің ішектерінің құрылысына байланысты оларды ішексіз, тік, көп тарамды, үш тарамды ішектілерге бөлетін ескі жүйе қолданылып келген. Қазіргі уақытта классификациясы мұқият қайта қаралып, турбеллярилерді 12 отрядқа бөлген. Оның негізгілерін атап өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет