Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет67/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Ас қорыту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен басталып аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан кейін қысқа эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодермальды ортаңғы ішекке жалғасады. Оның екі жағында метамерлы қайталанып тұратын жұп қалташа тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы ішек эктодермальды артқы ішекке айналып, ол аналь тесігімен аяқталады. Ac ішектің қуысында және клетка ішіңде қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы - немертиндердің ерекше белгісі.
Немертиндер жыртқыш жануарлар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздаңдырады немесе үшкір ине тәрізді стилеттері арқылы өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш қызметін де атқарады. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы - ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс аударылған қолғап саусағы тәрізді сыртқа созылып шығады. Созылған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас. Тұмсық ринхоцелом қуысына ретрактор деп аталатын бұлшықеттің көмегімен қайта тартылады.
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. Олардан дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, тұйықталған жұлдыз тәрізді - терминальды клеткалармен аяқталады. Түтікшелердің ұштары бүйірлік қан тамьфларымен тығыз байланысты болады, соның нәтижесінде қандағы зат алмасу процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.
Қан айналу жүйесі немертиндерде бірінші рет дамыған, осы белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы жағында бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары арқылы байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды тасымалдайды, сонымен қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс алу пигменттерінің, әсіресе гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін де атқарады деп санауға болады.
Нерв жүйесі жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп церебральды ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық қынабының үстінде, ал екінші жұбы оның астында орналасып, екі нерв талшықтарымен байланысқан. Церебральды ганглиялардан артқа қарай екі бүйір нерв бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет қабының немесе паренхима аралығында орналасады. Ұзын нерв бағаналары көптеген көлденең, сақина тәрізді комиссуралармен байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет