Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет68/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Сезім мүшелері құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды мүшелері басының бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен қапталған, тек церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, жіңішке түтікшелер арқылы церебральды ганглияларымен тығыз жанасып жатады. Осы екі мүшенің көмегімен жануар судың химиялық құрамының өзгерісін және қорегін сезеді. Церебральды мүшелер эндокриндік жүйенің қызметін атқарады деген болжам бар.
Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы турбелляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді.
Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері де жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде шашырап орналасқан.
Немертиндер дара жыныстылар. Жыныс жүйесі қарапайым құрылысты. Көптеген жұп аналық немесе аталық бездері дененің бүйірінде ішектің бүйір қалташа тәрізді өсінділерінің арасында жатады. Жұмыртқа клеткалары немесе сперматозоидтары қысқа тұқым жолы арқылы сыртқа шығарылады. Ұрықтануы сырттай.
Дамуы. Ұрықтанған жұмыртқаның бөлшектенуі толық, буылтық құрттардың спиральды детерминативті (мүшелердің алғашқы белгілері ерте пайда болуы) бөлшектенуіне ұқсас. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды личинка шығады. Пилидий қалыптаса бастаған кезде бластопораның екі жағынан жалпақ қалақша тәрізді өсінділер дамиды. Сондықтан личинканың дене пішіні бүйірлі құлақшалары бар қалпақ тәрізді. Пилидияның бүкіл денесі кірпікшелі эпителимен қапталған. Денесінің төменгі жағында ұзын кірпікшелері бар ауыз алды белдеуі (алқабы) өтеді, ал күмбез тәрізді төбесінде қалың әрі ұзын сезімтал кірпікшелер шашағы (сұлтан) болады.
Пилидий денесінің астыңғы жағында, екі қалақша тәрізді өсіндінің ортасында орналасқан ауыз тесігі, ауыз қуысына, ал ол алдыңғы ішекке өтіп, қапшық тәрізді энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасады. Артқы ішегі, аналь тесігі жоқ.
Немертиндердің дамуының бір ерекшелігі - пилидия эпителиясы ересек немертиннің эпителиясына айналмай, уақытша ғана қызмет атқарып, личинка ересек құртқа айналғанда түсіп қалады, яғни түлейді. Ең алдымен личинка эпителиінен эктодерма және энтодерма арасына немесе алғашқы дамуындағы денесінің қуыс аралығына жеке клеткалар бөлініп шығады да ортаңғы (мезодерма) ұрық жапырақшасының бастамасын түзейді, олардан дәнекер тканьдері мен кейбір ішкі мүшелері дамиды. Осындай іріктелген немесе диффузияланған мезодерма - мезенхима деп аталады.
Немертиннің дене эпителий жамылғысы және ішкі мүшелері мынадай жолмен пайда болады: біріншіден, пилидияның эктодермасынан ішке карай 7 төмпешік (диск) түзіледі: біреуі личинка денесінің алдынғы үстінде, қалған үш жұбы екі бүйірінде және ауызының артында. Кейіннен осы төмпешіктер дене ішіне ене өсіп, бір-бірімен тұтасып, әлі жетілмеген ішек пен мезенхиманы жан-жағынан қоршап, пилидия жамылғысының астында эктодермальды екі қабатты қапшықты түзейді. Сонымен қатар, үстіңгі төмпешіктен алдыңғы бөлімінің эпителий жамылғысы, тұмсығы және нерв жүйесі, екі бүйір төмпешігінен - церебральды мүшелер, соңғысынан - дене эпителия жамылғысы құралады. Құрттың бұлшықеттері мезен­хима клеткаларынан қалыптасады. Осылай пайда болған құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етуге көшеді.
Классификациясы. Немертиндер класы екі класс тармағына бөлінеді: қаруланбаған - Апоріа және қаруланған - Епоріа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет