Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


лекция Құрсак кірпікшелілер класы – Gastrotricha



бет77/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

17 лекция
Құрсак кірпікшелілер класы – Gastrotricha
1.Құрылысы мен физиологиясы
2.Киноринхалар класы – kinorhyncha
3. Түкті құрттар класы – nematomorpha
4. Коловраткалар класы – rotatoria
5. Жұмыр құрттар (nематнеlminthes) типінің филогениясы
Тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, өте ұсақ, 1-1,5 мм-ге жететін, құрт тәрізді жануарлар. Негізгі ерекшелігі - денесінің құрсақ, жағында кірпікшелері бар, ол құрттың субстратта қозғалып жүруіне мүмкіндік жасайды. Бұл белгі құрсақ кірпікшелілердің турбеллярияларға ұқсас екенін көрсетеді. Қазіргі кезде құрсақ кірпікшелілердің 160-тан астам түрі бар.
Құрылысы мен физиологиясы. Құрсақ кірпікшелі құрттардың құрылысы өте қарапайым, бүл олардың төменгі сатыдағы құрттарға жататынын көрсетеді. Тұщы суларда тіршілік ететін түрлерінде денесінің алдыңғы жағында бас бөлімі аздап бөлініп, ал артқы ұшы кішкене екі айыр (аша) тәрізденіп бітеді, оларда кілегейлі жабысқақ бездер орналасқан.
Құрсақ және алдыңғы бөлімін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады, ал денесінің басқа бөліктері жұқа кутикуламен жабылған. Кірпікшелер құрсағында жаппай тұтас, не сирек, не қатарласып орналасқан.
Құрсақ кірпікшелілердің тері-бұлшықет қапшығы болмайды, тек ұзына бойы созылып орналасқан тегіс бұлшықеттері бар. Алғашқы қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы жағында аузынан басталып, артқы жағында аналь тесігімен аяқталады. Үш қырлы жұтқыншағы энтодермальды ортаңғы ішекке және эктодермальды артқы ішекке жалғасады .
Зәр шығару жуйесі протонефридиальды. Ол сыртқа ашылатын екі түтікшеден құралған, үштары жалын немесе жұлдызша тәрізді клеткамен аяқталады.
Қан айналу, тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үстіндегі ганглиядан және екі бүйірінде ұзына бойы орналасқан нерв бағанасынан тұрады.
Сезім мүшесінің қызметін дене жабынында сирек орналасқан қылтандар және басының бүйіріндегі кірпікшелі шұңқырлар атқарады. Кірпікшелі шұңқырлар - хеморецепторлары.
Құрсақ кірпікшелілер дара жыныстылар немесе гермафродиттер. Жыныс бездері көбіне жұп болады. Жыныс тесігі аналь тесігінің алдында орналасады. Ұрықтануы іштей өтеді.
Құрсақ кірпікшелілер класы екі отрядқа бөлінеді: Chaetonotoidea - тұщы суларда кең тараған; Macrodasioidea - теңіз жануарлары. Су түбінде тұнбаның ішінде қорегін (ұсак. жәндіктерді) іздеуде шапшаң қозғалады, кейде субстратқа бекініп тіршілік етеді.
Құрсақ, кірпікшелілердің турбеллярияларға, соның ішінде Rhabdocoela-ға жақындастыратын ұқсастық белгілері бар. Екеуінде де бір қабатты эпителий және кірпікшелері бар, тері бездерінің, протонефридияның, жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас. Сонымен қатар, денесіндегі кутикула қабаты, алғашкы дене қуысы, ас қорыту жүйесіндегі аналь тесігі, кейбір түрлерінің дара жынысты болуы құрсақ кірпікшелілерді нематодтарға жақындатады. Бұлардың бүкіл жұмыр құрттар типінің филогениясын түсінуге қажетті маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет