Қорыту сабақтары кезінде оқушының бағдарламаға сай игерген әдеби білімінің көздеріне мыналар жатады:
- Шығарма мазмұнын біліп, өз сөзімен әңгімелей білу;
- Кейіпкерге мінездеме бере білу;
- Жазушы өмірбаянын меңгеру;
- Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру;
- Жаттауға берілген материалды есте сақтау;
- Мәтінді дұрыс және көркем оқу;
- Шығарма жоспарын жасап, композициясына талдау;
- Суреттеу тәсілдерін, түрін, қызметін түсіну;
- Мазмұндаудың барлық түрін меңгеру;
- 8-сыныптан бастап автор көзқарасы мен шығарманың идеясын талдай білу;
- Шығарма, мазмұндама жаза білу.
Бағалау. Бағалау-күнделікті сабақтың бір элементі. Кіріспе сөзде, өмірбаянды өткенде, мәтін оқылып, талданғанда бағалап отыру керек. Бұл күнделікті сабақтық бағалау. Бағалаудың тақырыптық, тоқсандық, жылдық түрлері бар. Осылардың ішінде қорытушы-тақырыптық бағалаудың орны ерекше. Бұл оқушылардың жалпы дағдысын, жинақтаған білімін бағалау. Білімді бағалау сұрақтар қою арқылы анықталады. Олар:
- Жаппай сұрау.(фронтальдық) Сұрау үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында қойылады.
- Даралап сұрау. Жаттау, мазмұндау, ауызша мінездеу, теориялық білімге құрылады.
- Қиысқан сұрау. Аралас сұраулар кезектесіп келуі.
Жалпы мұғалім сұрақты дәл, нақты және анық қоюы керек. Сұрақ сұралмақ мәселеге байланысты нақты және жауап та анық болуы керек.
Американ ғалымы Б.Блумның «Сұрақ қою өлшемі»(таксоманиясы):
- Ақпаратты еске түсіру сұрақтары.( не істеді? Қайтті?). Бұлар ең төменгі деңгейдегі сұрақтар.
- Түсіндіру сұрақтары (неге өйтті? Неге бүйтті?)- негізгі идеяны түсіну, қабылдау, арақатынасын анықтауға арналған сұрақтар.
- Аударма сұрақтар –әдеби мәтінді басқа формаға айналдыруға болады(эссе, өлең жазу).
Достарыңызбен бөлісу: |