Заман, қоғам жайындағы тарихи түсінік; Әрбір көркем шығарма белгілі бір дәуір шындығын суреттейді. Кейбір шығарманың жазылу тарихы болады. Сондықтан, мәтінді толық меңгерту үшін оқушыларға сол кездің өмір шындығын, салт-сана, тап күресін, саяси тәртібі жөнінде қысқаша түсінік берген жөн.
2) Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік; Кіріспе сөздің бірі жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде беріледі. Ол 5-8 сыныптарда өте қысқа анықтамалық түрінде көрінеді. Әрбір мәтін сайын өмірбаянды қайталап, көпсөзділікке салыну қажет емес. Баяндау әдісімен жазушы өмірбаянының кезеңдері (балалық шағы, ата-анасы, білім алуы, шығармаларының жазылуы) жайында іріктеліп алынған мәлімет беріледі. 3) Мәтінге байланысты тақырыптық түсінік . Тақырыптық түсінік әрбір шығарманың тұсында беріледі. Жеке бір әңгімені оқыту үшін ондағы өмір көрінісі жайында кіріспе мағлұмат беріледі. Ол сол шығарманың мазмұны мен идеясын, образдар жүйесін түсініп оқуға бағыт береді. Тақырыптық түсінік шығармадағы сурет пен оқиғаның мазмұнын аңғартуға жәрдемдеседі.
Әдебиет сабағының құрамдас бөліктері Жаңа білімді меңгерту көркем мәтінмен жұмыс түрлері. Кіріспе әңгімеден кейін мұғалім мәтінмен жұмыс жасауды бастайды. Мәтінді оқу-әдебиет сабағының басты буыны. Оқушылар мәтінді оқиды, оқиғаны ауызша мазмұндайды, бөлімдерге бөліп ат қояды. Мұнан соң мұғалім сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблемалары мен тақырыбын анықтайды. Бұл өте жүйелі жаттығуды талап етеді. Оқу сабағы немесе жаңа сабақты түсіндіру кезінде жасалатын жұмыс түрлері өте көп. Жедел оқу, көркем оқу, сөйлету, таным – осының бәрі мәтінмен байланысты. Прозалық шығарманы мұғалімнің оқуы үш түрлі : а) кітаптан оқу, б) мазмұнын көркемдеп әңгімелеу, в)монтаждап оқу Жоспар жасай білу – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі әңгімелеуге, мазмұны мен тақырыбын, құрылысын, образдарын, оның ішкі ерекшелігін, идеясын танып, талдап оқудың құралы. Жоспар құрылысына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай жоспарды 5, күрделі жоспар 6 сыныптан бастап үйретіледі. 8 сыныптан бастап оқушы жоспардың қай түрінде еркін меңгеруі тиіс. Жай жоспар оқылған шығарманың оқиғалық-мағыналық негізгі буындарын тауып, соған ат қою мақсатын көздейді. Олар мазмұндық жоспар немесе сюжеттік, мінездемелік болып бөлінеді. Жай жоспарға оқиғасы қысқа, сюжетті мәтіндер алынады. Ал күрделі жоспар жасалатын мәтіннің оқиғасы да, құрылысы да күрделі болады. Күрделі жоспар оқиғаның негізгі бөлімдерін табумен бірге, әрбір бөлімнің ішкі мазмұнына еніп, соның кішігірім бөлшектерін де қамтиды. Жоспар жасата білу үшін мұғалім шығарма композициясын, көркем элементтерін, тақырыбы мен идеясын білумен бірге, жоспар мақсаты мен жасап алу жолын да білуі тиіс. Жоспар жасауда мәтіннің өзін тұтас оқып, оның бөлшектерін табудан бастаймыз. Мұны мәтінді мүшелдеу дейміз. Күрделі жоспар жасағанда оқиғаны ретімен толығырақ тізіп, үлкен топқа бөліп, сол топтарға ат қойғызып, қалғанын жіктестіріп бөлуге болады. Жоспар жасау біріншіден, шығарманың құрылысын, тақырыбы мен мазмұнын түсінуге керек болса, екіншіден, оқушыға ойды ретімен, логикалық байланыста айтып үйрену үшін керек. Ол шығарманың мазмұнын айтқызғанда, мазмұндама, шығарма жазғызғанда өте тиімді болмақ. Қорыту сабақтары. Әдеби мәтінді толық талдап, мазмұнын игергеннен кейін оны қорыту, жинақтау жұмысы атқарылады. Қорыту сабақтары оқушылардың түсінігін, дағдысын орнықтырып, талдау нәтижесін есте қалдырып жинақтауды, білімді бекітіп, бағалауды көздейді. Мұғалімнің қорытынды сөзі нақты, қызықты, мәтін табиғатына сай болуы керек.