Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы. 1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы. Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.
Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады. Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.
Атамекен мұражайы. Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан. Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.
Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы. Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.
7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.
2011 жылдың қарашасында Ұлт көшбасшысы Назарбаев Н.Ә. ұлттық
идея негізінде төрт фактор болуы қажеттігіне ерекше назар аударды. «Бірінші – бұл ұлттық бірлік, екінші – қуатты бәсекеге қабілетті экономика. Үшінші – зияткерлік, жасампаз қоғам. «Егер біз барлығымен бірдей болып, ғаламдану әлемінде тірі қалғымыз келсе, біз де зияткерлік қоғам болуы қажет». ҚР Президенті төртінші фактор ретінде Қазақстанды құрмет тұтатын мемлекет ретінде құру деп атады.
«Біз өз қоғамымызды құруымыз тиіс – бұл дегеніміз біздің Отанымыздың сәтті дамуының төрт негізі» деп көрсетті. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі идеясы Елбасының Қазақстан халқына арнаған сонау 2004 жылғы наурыздағы Жолдауында белгіленген болатын. Одан кейін оның одан да терең анықтамасы «Қазақстанның әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына ену стратегиясы: басымдықтар мен оларды іске асыру жолдары» Жолдауында (наурыз, 2006 ж.) жүзеге асты. Бұл бағдарламалық құжатта ұлттың бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның әлемдік экономика мен қауымдастыққа сәтті кірігуінің қажетті шарты ретінде қарастырылды. Осымен бір сәтте Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейге жетуі жаңа деңгейде полиэтникалық және көп конфессиялы қоғамды ұйыстыратын жалпыұлттық жоба ретінде сипатталады.
Негізгі құжат ретінде бәсекеге қабілеттілік басты ұлттық идея тұрғысында 2006 жылы қазанда Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12-ші сессиясында сөйлеген сөзі шеңберінде жарияланды. Осы сессияда Елбасы өз сөзінде: «Біз біртұтас қазақстандық халық болып қалыптастық»,- дей келіп: «біз бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз керек. Бұл біздің мәдениетіміздің одан әрі дамуын әр жеке азаматтың дамуын талап ететін мүлдем жаңа міндет»,- деп келесі адымды нақты айқындап, жаңа міндет қойды.
Жаһанданып жатқан әлемдегі ұлттық бәсекеге қабілеттілікті көтеру қажеттілігі идеясы ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауында (Астана, 28 ақпан 2007 ж.) жаңа да терең мазмұнға ие болды. Президенттің «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауы көп жағынан «Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына ену стратегиясын» жалғастырып дамытты. Сонымен бірге бұл құжатта мына жайттарға ерекше назар аударылды: қазақстандық экономиканы жаңа сапалық технологиялық деңгейге өткізу, қазақстандық ғылымды барынша дамыту және бүкіл білім жүйесін жақсарту; барлық қайта өзгертулердің басты мақсаты – ұлттың бәсекеге қабілеттілігі» деп көрсетті.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері Қазақстан халқының ұлттық бірлігі Доктринасында да орын алды. Онда бүгін уақыт елдер мен ұлттарға неғұрлым қатаң талаптар қояды деп айтылған. Олардың ішінде өз дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпай, үнемі жаңаруға, жетілуге, бәсекелес басымдықтарды күшейтуге ұмтылғандардың өз болашағына үміті бар. Бұл – уақыт талабы, біз осыған сәйкес болуымыз керек. Дәстүрге негізделген жаңғыру мен бәсекеге қабілеттілік – ХХІ ғасырдағы біздің ұлттық рухымыздың көтерілуінің негізі. Ғаламдық деңгейдегі асқақ міндеттерге жетуді мақсат еткен ұлттар ғана табысқа
жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бағдар алу біздің жалпыұлттық рухымыздың маңызды бөлігі болуы тиіс. Бұл алға жылжудың, ұлттың жаңа көкжиектерге шығуының негізі мен кепілі. Қазақстанның әр азаматы мұны жақсы, бай, ақылды болуға ұмтылыс, елінің өркендеуі үшін барлығын жасау қажеттілігі ретінде сезінуі тиіс. Әркім осы қасиетті дамытуы қажет, әркім осы жеңіс рухы оның өмірінің, қоғам мен мемлекет өмірінің бөлігі болу үшін барлығын істеуі керек. Бәсекеге қабілеттілікке қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғырту арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл жерде ең бастысы – жаңғырту жаңаруға үнемі ұмтылыс ретінде біздің санамыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бұл – біздің уақыт шақыруына жауабымыз, себебі дамуға ұмтылмаған ұлт құриды. Бізге ұлт әлеуетін оятуға мүмкіндік беретін зияткерлік ұмтылыс қажет. Білім, ғылымға, инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік мәні зор. ХХІ ғасырда ойлау өресі биік ұлт қана жетістік биіктерін бағындыра алады.