Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет36/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
лекциялар мәдениеттану

Бақылау сұрақтары

  1. Субмәдениет дегеніміз не?

  2. Қазақстандағы мұражайлар туралы не білесіз?

  3. Қазіргі дамыған, жетілген тұлғаны сипаттап көрсетіңіз.

  4. Әлемдік ең танымал мұражайларды атаңыз.


Тестілер
Қазақстанда алғашқы мұражай қашан ашылды?

  1. 1831

  2. 1900

  3. 1930

  4. 1943

  5. 1955

Субмәдениетке жататын арнайы топтардың түрі:



  1. білімділер

  2. Маргиналдар

  3. тобырлар

  4. зиялылар

  5. готика, хиппилер, эмошылар

Қазіргі дамыған, жетілген адамның бейнесі:



  1. еңбексүйгіш, жағымпаз

  2. білімді, жағымпаз, өтірікші

  3. тойшыл, еңбекқор, білімсіз

  4. кретивті, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды

  5. пайдакүнем, сауыққұмар

Қазақстандағы мұражайды көрсетіңіз?



  1. Атамекен мұражайы

  2. Лувр мұражайы

  3. Метрополитен мұражайы

  4. Ұлттық өнер галериясы

  5. Тейт Модерн мұражайы

Субмәдениет дегеніміз:



  1. «Астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер

  2. қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы

  3. әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан мәдени қарым-қатынастар жүйесі.

  4. бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі

  5. екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе

14-апта: Қазақстанның мәдени саясаты

  1. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі.

  2. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу.

Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. Мәдени саясат» феноменінің ғылыми зерттелу қажеттігі жайында бірінші рет 1967 жылы Монако конференциясында айтылды. Онда мәдени саясат түсінігі негізінде мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі әрекеттерін қамтамасыз ететін операционалды принциптердің, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлері мен әрекеттерінің кешені негізге алынатындығы шешілді. Бұл контекске сай саясаттың мәдениет саласында жүзеге асуы қоғамның табиғи және рухани ресурстарын тиімді пайдалану арқылы нақты мәдени мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған қоғамдағы барлық саналы және ойласып істелген әрекеттерді көрсетеді.


Мақсаттық көзқарас негізінде югославакиялық ғалым М.Драгичевич-Шешичтің дефинициясы ең жақын болып саналады: « …мәдени саясат қоғамның жалпылай мәдени дамуына байланысты мәдениет саласына қатысты кез-келген мәселелер бойынша қажетті шешімдерді қабылдауды саналы реттеуші болып табылады». Оның ойынша, адамзат қоғамын мәдениетсіз елестету мүмкін емес, сонымен қатар, бұл қоғам мәдени саясатсыз өмір сүре алмайды дегенді көрсетеді.
Ал егер институционалды көзқарас тарапынан қарайтын болсақ, онда мәдени саясат негізінде шығармашылық қызметтегі субъек-тілерді қалыптастыратын, шы-ғармашылық саласындағы талаптар, шекаралар мен басымдылықтарды анықтайтын әлеуметтік институттармен қабылданатын, қоғамның мәдени құндылықтарды қабылдауын, іріктелуі мен таралу үдерісін қадағалайтын ұйымдардың ережелер кешені түсіндіріледі.
А.Я.Флиердің ойынша мемлекеттің мәдени саясатының басты қызметтері төмендегідей болып табылады:
1)қоғамның өмір сүруінің тарихи тәжірибесін жинақтау;
2)осы тәжірибені бағдарлар құндылығы жүйесі түрінде тарату;
3) бұл бағдарларды әртүрлі әлеуметтік коммуникация тілдерінде жеткізу және сол әлеуметтік-коммуникативті байланыстарды жүзеге асыру;
4) қоғамның іс жүзінде өмір сүруін ұжымды және индивидуалды болмыстың әлеуметтік-мәдени ережелерінің құндылық бағдарларына негіздеу көмегімен реттеу;
5) бірегейлік бейне түрінде жеке ерекше белгілер мен айрықшылықтарды анықтау және түсіндіру (яғни, қоғамның мәдени іс-әрекетінен көрініс табатын өзі туралы, өзінің тағдыры мен тарихи «міндеті» туралы субъективті түсінігінің болуы және т.с.с.);
6) технологияда және әрекеттің басқа түрлерінің өнімдерінде оларды бағыттап қайта өндіру.
Мәдени саясатты мемлекеттің даму кезеңі мен сол даму кезеңіндегі қажеттіліктерін ескере отырып, нақты қоғамдық құрылысы негізінде қарастыру қажет.
А. Визанд ХХ ғасырдың соңында Еуропада бір мәдени саясаттың даму түрін екінші бір даму түрі ауыстырған екі басты типін ерекшелейді: мемлекеттік мәдени саясаттың жалпылама жағдайы түрінен мәдени саясаттың нарықтық түрінен ауысқан. А. Визанд бұл мәдени саясат түрінде биліктің басты назары қаржыландыруды қажет ететін мұражай, театр, кітапхана және мәдени орталықтар сияқты басты мәдениет институттарың дәстүрлі типінде болатынын көрсетеді. «Мәдениетті мемлекетте» тәжірибелік мәдениетке қарағанда эстетикалық білім беру жоғары бағаланады, ал шығармашылық қызметкерлері көп ретте миссионерлер рөлін атқарады.
Саяси мәдениет адамзаттың жалпыөркениеттік дамуының эле-менті болып табылады. Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Қолданбалы тұрғыда аталмыш ұғымды ашудағы бірінші тәсіл үшін саясаттанулық энциклопедиялық сөздіктегі саяси мәдениеттің анықтамасын алуға болады: «Саяси мәдениет – саясат сферасындағы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдардың тарихи тәжірибесі, жады, олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпалын тигізетін бағдарлары, дағдыларың.
Әрине беріліп отырған анықтама осынау проблемаға жақындата түсетін, бастапқы тәсіл үшін ғана құндылыққа ие. Аталмыш ұғымның тек жоғарыда аталған белгілерге ғана телу саяси мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің фундаментальды құбылысының мазмұнын толықтай бейнелеп бере алмайды. Бұл анықтамада саяси мәдениеттің тек субъектілік аспектісі, яғни, ғана,атап айтар болсақ субъектінің тәжірибесі, оның жады, бағдарлары мен дағдылары ғана бейнеленген.
Алайда саяси мәдениет неде шынайы көрініс табады, оның фундаментальдық мәні қандай деген мәселелер бұл анықтамада көрсетілмеген.Сондықтан, саяси мәдениеттің мәнін толықтай ашу үшін, бізге ең алдымен «мәдениетң ұғымын қарастыру қажет.
Мәдениет – адамзат даныш-пандығының жемісі, ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі, бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет – әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады, табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді. Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі. Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.
Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.
Сонымен, өте тар пәндік мағынада саяси мәдениетті биліктік қатынастар мәдениеті, билік құру мәдениеті деп атауға болады.
Саяси мәдениет ұғымының мазмұнын ашуға кірісе отырып,ең алдымен методологиялық мәні бар бірқатар ережелерді бөліп көрсетелік:
1. Адамнан,оның мүдделері мен саяси қызметінен тыс ешқандай саяси мәдениет болмайды. Ол бастапқыдан және өзінің барлық мазмұнының байлығымен адамзат туындысы, саяси институттар, саяси рөлдер, саяси жүріс-тұрыс актілерінің (бұқаралық, топтық және жеке әрекеттер) жүйесі ретінде және адамның билік қатынастары сферасындағы іс-әрекетін айқындайтын олардың сана сферасындағы (сезімдер, көзқарастар, идеялар, теориялар) идеалды бейнеленуі ретінде пайда болады және дамиды.
2. Саяси мәдениет – адамзаттың жинақтаған тектік тәжірибесі, теориялық байыпталған, кристалданған эмпирикалық саяси іс-әрекет. Эмпирикалық мағынамен салмақталуы, субъектілігі – адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси мәдениетке тән ерекшеліктер. Саяси мәдениеттің осы субъектілігі саяси ойлар классигі Н.Макиавелли еңбектерінде ерекше көрсетілген, ол өзінің эмпирикалық тәсілі негізінде саясатты мемлекетті басқару және мемлекеттік билікті нығайту өнері ретінде қарастырады.
3. Саяси мәдениет үздіксіз дамып отырады, себебі адамдардың әрбір жаңа ұрпағы оны өздерінің практикалық саяси қызметіне пайдалана отырып, саяси мәдениеттің мазмұнын байытады, арттырады, оның өзегіне саяси практиканың ситуативті және субъективті қажеттіліктеріне сай әртүрлі жаңалықтар енгізеді.
4. Саяси мәдениеттің дамуы – адамзат тегінің оның шыңдарын бірте-бірте бағындыруының бір түзулік процесі емес, керісінше, ол үшін белгілі бір тарихи және аймақтық-этникалық шектеушілік пен тұйықтық, құрылымдық көпварианттылық, құндылықты әрқилылық, сондай-ақ тарихи, аймақтық әлеуметтік-мәдени саяси жүйелердің пайда болуы, дамуы мен ыдырауы тән күрделі, қарама-қайшылықты құбылыс.
5. Қаншама парадоксальды болғанымен, әлеуметтік-мәдени саяси жүйелердің көптүрлілігі, олардағы тарихи қабаттардың, аймақтық ерекшеліктердің болуы адамзаттың саяси мәдениетінің қалыптасып келе жатқан бірлігін жоққа шығармайды, ол адамзаттың тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси нақтылық, көптүрліліктің бірлігі ретінде, жалпыадамзаттық саяси мәдениет ретінде саяси мәдениеттің тарихи, аймақтық жүйелерінің құндылықтарының қарқынды өзара әрекеттесуі мен алмасулары нәтижесінде қалыптасады.
Адамдар қауымдастығының әлеуметтілігі, оның «тәнініңң гетерогенденуінің күшеюі, әлеуметтік өмірдің субъектілігінің қалыптасуы мен дамуы өріс алғанына байланысты тұрақты дамуды, тұтастық пен беріктікті қамтамасыз ететін орган ретіндегі биліктің құрылымдары мен қызметін күрделендіре түсетіндігі даусыз. Осы шиеленіс жаңару тенденцияларын тудыра отырып, саяси мәдениеттің дамуының үздіксіз себепкері болады.
Тұтастай алғанда, саяси мәдениеттің қызмет етуі адамдардың тіршілік әрекетінде дағды күші ретінде көрінетін инерция күші деп атауға болатын құбылысты тудырады, алайда шынайы өмірде пайда болатын проблемалар және оларды шешудің қажеттілігі әлеуметтік-саяси практиканы инерциялық жолдан, оның дағдылы, үйреншікті қағидаларынан шығарып жібереді, ал бұл шұғыл бетбұрыстарды, түпкілікті жаңаруларды, сапалы өзгерістерді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет