Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


лекция: МӘДЕНИЕТ СЕМИОТИКАСЫ



бет6/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
лекциялар мәдениеттану

3 лекция: МӘДЕНИЕТ СЕМИОТИКАСЫ

1. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ю. Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов.


2. Этос және мәдениет коды.
3. Мәдениеттің негізгі рәміздері.

Семиотика - таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым. Оның негізін ХІХ ғ. американ философы және логикі Ч.Пирс пен швейцарлық филолог пен антрополог Ф. Де Соссюром салды. Мәдениет семиотика туралы сөз қозғау – мәдениеттің таңбалық құралдарын қарастыруды және осы «құралдар» арқылы құрастырылған ретінде мәдени феномендерді ұғындыруды білдіреді. Мәдениет – бұл ұжымдық интеллект және ұжымдық зерде болып табылады, яғни мәлімдемелерді сақтау мен таратудың және олардың жаңаларын туындаудың дара үстінен механизмі (Ю.М. Лотман). Таңбалар мен таңбалық жүйелер осы механизмнің «құрамдас бөліктерін» құрайды. Осы таңбалардың табиғаты мен мәні неде деген сұраққа жауап беру үшін мәдениетті үш аспектіде қарастыру қажет: біріншісі – артефактілер әлемі ретінде, мәндер әлемі ретінде, таңбалар әлемі ретінде.


Таңба мәдениетінің қасиетін алғаш рет байыпты зерттеген Э. Кассирер болған. Ол мәдениетті зерттеудегі семиотикалық концепциясының негізін қалады. Кассирердің ойынша адам өміріндегі барлық қызметте рәміздік мағына бар. Бұл теориядан қалыптасатын ой, адам өмірінің мәні символдардан тұрады. «Философия символических форм» еңбегінде ол мифология мен дінді, ғылымды мәдени – символикалық жүйе ретінде қарастырады.
Мәдени семиотикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Ю.М. Лотман. Ол мәдениеттегі таңбалар жүйесін «семиосфера» деп атап, глобальды сипат берді. Негізгі мәдениетіндегі әлеуметтік ролді гениетикалық емес ұжым зердесі ретінде сақтап және жалғастыратын жиналмалы тәжірибе деп атады. Таңба – заттың мағына беретін, іс-әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба ол - рәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді. Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы Құран – барлық мұсылман елдерінде қасиеттілік пен киелілік символы болып табылады немесе «крест» ол христиан дінде Исус христостың өлімімен және күнәден тазару мен тығыз байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен, дінмен, салт-дәстүр, әдет- ғұрыппен тығыз байланыста. Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста. Мысалы кептер Пикассо –
барлық дерлік әлем елдерінде символ болып табылады немесе «крест» ол
христиан дінде Исус христостың ӛлімімен және күнәден тазару мен тығыз
байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен,
дінмен, салт – дәстүр, әдет – ғұрыппен тығыз байланыста
Чарльз Моррис семиотика ғылымын білімнің энциклопедиясына 1938
жылы қосып, «Таңбалар негізі туралы ілім» («Основы теории знаков») атты
еңбек шығарады бұл еңбек жаңа ғылымның дамуына үлкен қарқын береді.
Ол адамның ақыл – ойы белгі, таңба арқылы туындайды және семиотика ғылымның адаммен үндесуін ретке келтіреді деп есептеген. Моррис семиотикаға «метабелгі» түсінігін енгізеді ол-таңбаны белгілейтін таңбалар, яғни бір таңба белгілі бір ойды емес бірнеше ойды білдіреді деп есептеген.
«Таңбалар негізі туралы ілім» кітабындағы «Таңбаның табиғаты» бөлімінде Моррис айтады: «Таңба қызметін атқаратын процессті семиозис деп атар едім. Таңба белгіленген ойды емес, белгілі бір құпияны жасырады ол құпия салт – дәстүр немесе астарлы оймен байланысты болады. Демек таңба мен белгі белгілі бір нәрсеге емес белгілі бір мақсатта жасалады».
Моррис таңбалардың мағынасын зерттей отырып таңбаның белгілену қарай бес типін бөледі:
1) таңба – идентификаторы («қайда?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
2) таңба – десигнатор («не?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
3) бағалаушы таңбалар немесе аппрайзер - таңбалар («не себепті?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
4) прескиптивті («қалай?» деген сұраққа жауап береді);
5) формальды немесе таңба систематизациясы.
Морристің айтуына қарасақ дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болғанша адам таңбалардың ортасында өмір сүреді. Таңбасыз адам өмірі мағынасыз болады және де таңба адам мінезінің қалыптасуына әсер ететін семиотика адам өмірімен, ғылым саласында маңызды.
1975 ж. О. Сүлейменовтің «АзиЯ» кітабі жарық көрді. Кітап түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.
«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
Әрбір халықтың рухани мәдениетін аксиологиялық талдау оның этностық бірлік ретіндегі өмірінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, дана халқымыздың нанның қиқымын жеген бала бай болады, нанды бiр қолымен үзбейдi, нан үстiне зат қоймайды, нанды басуға болмайды, нанды дастарқанға теріс қарата төңкеріп қоюға болмайды, нанды затпен шаншып жеуге болмайды деген сияқты толып жатқан ұстанымдары бар. Бұл ұстанымның ұрпақты ұқыптылыққа тәрбиелейтін маңызы өз алдына, көшпелі ортада «нан табудың» үлкен еңбекпен болатындығын, «Ас – адамның арқауы» деп тамақтың, әсіресе нанның қадір қасиетін ұғындыруға рәсімделген көрінісі болса керек.
Салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Осы арқылы кез келген ұлт пен елдің ұлттық дүниетанымын өмірдегі ұстанымдарын,көзқарастарын анықтаймыз.
Ауызекі тілде негізгі таңба сөз болса, жазудың негізгі таңбасы ретінде одан гөрі объективті әрі абстрактылы әріп алынған. Жазу арқылы тілдің сөздік қорын жасанды түрде ұлғайтуға мүмкін болады. Жазудың пайда болуымен қатар тілдік нормалар мен ержелер де қалыптасады. Жазудың арқасында таңбаларды көбейтуге, яғни кітаптарды басып шығаруға жол ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет