Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет4/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
лекциялар мәдениеттану

Мемлекеттік тіл – сол мемлекетттің ресми, саяси және мәдени салаларының шеңберінде интеграциялық қызмет атқаратын мемлекеттің бір символы болып табылады. Әлемдегі 6 мыңға жуық тілдердің ішінде тек қана 100 мемлекеттік мәртебеге ие. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік-әкімшілік басқаруда, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілде азаматтардың мемлекеттік тұтастықтағы мегаәлеуметтегі әкімшілік-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзара әрекеттестігі жүзеге асады, соның нәтижесінде тіл мемлекеттің интеграциялануындағы маңызды құралдардың бірі деп саналады. Мемлекеттік тіл тұжырымдамасының қалыптасуы ұлттық-тілдік саясат ұстанымдарына қатысты болады, ал Мемлекеттік тіл туралы заңның қабылдануы ( немесе бірнеше Мемлекеттік тілдер туралы) жалпы саясаттың құрамдас бөлігі түрінде көрінеді.
Мемлекеттік тілдің атқаратын қызметтік аясы және оның әртүрлі мемлекеттік ұйымдарда қолданылуы аталған әлеуметте қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік-коммуникативтік жүйелерге, тіл саясатында қабылданған міндеттерге байланысты біршама өзгеше болуы мүмкін. Көпұлтты мемлекеттегі мемлекеттік тілдің маңызды функцияларының бірі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі міндетін атқару.
«Мемлекеттік тіл» термині «ресми тіл» (мемлекетті басқару тілі, заң шығару және өкілеттілік) терминімен сабақтасады. Мемлекеттік тілдің және ресми тілдің атқаратын қызметтік міндеттері: қабылданған тілдік заңнамаларға, дәстүрлі түрде қалыптасқан тілдік қызметтердің өзара дұрыс таратылуына, тілдің қызметтік жүктемесінің бөліну дәрежесіне, тілдік ұжымда қолданылуына байланысты бірдей немесе кей жағдайларда басқаша болуы да мүмкін.
Ұлтаралық қарым-қатынас тілі – ұғымы бір мемлекетте немесе нақты бір аймақта өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынасында қолданылатын ортақ тіл ретінде түсіндіріледі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі адамдардың өз ұлтының территориясынан тыс жерде бірнеше ұлттардың тір- шілік ету ортасындағы қарым-қатынасында қолданылады. Қазақстанда ұлт- аралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі қолданылады.
Ұлттық қазақ тілі – қазақ халқының бәрінің өмір сүруінің барлық саласында, адами тұрмыс-тіршілігінде олардың біліміне, тәрбиесіне, мекен-жайына, маман- дығына байланыссыз қолданылатын ана тілі. Ол қазақ ұлты өкілдерінің тілдің ғажап айшықты бедері арқылы өз ой-пікірлерін жеткізудегі басты құрал. Бұл – сөз, сөз өнерінің, сөз мәдениетінің сөйлеу әрекетінде оларды дұрыс қолданудың қазақ халқына ғана тән ерекшеліктерінің барлық жиынтығы.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтарды біріктіретін мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында маңызды қызмет атқарады. Бұл, бірінші кезекте мемлекеттің барлық заңнамалық актілері қабылданатын тіл. Бұл сол сияқты ресми іс-шаралар, қызметтік хаттар, байланыстар жүзеге асатын тіл деп танылады.
Мемлекеттік тілдің маңызы мен рөлі туралы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан, ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда «2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95% қазақ тілін меңгеруі тиіс»,- деп көрсетілген. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу логикасына сәйкес қазақ тілі Қазақстанда тұрмыстық жағдайларда ғана емес, ол сол сияқты біздің қоғамымыздың барлық (саяси, әлеуметтік, мәдени-ағарту, ғылыми және т.б) салаларында да көшбасшылық бағытты ұстануы тиіс.
ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бұл бағдарламаның мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын қалыптастыру болып табылады.
Қазақ тілі әлемдегі бай және әдемі тілдердің бірі болып табылады. Қазақстан – бұрынғы Кеңестер одағының бір республикасы, ал оның тілді тасымалдаушысы – қазақтар. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік тал бесіктен басталады. Ана сүтімен дарыған туған тілдің құдіреті адамның тұлға ретінде қалыптасуында аса маңызды рөл атқарады. Жас кезінен тілге сусындап өскен баланың бойында ұлттық құндылықтарға деген перзенттік сезім басым болады.
Ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры, ақын-жыраулар шығармашылығы және ауыз әдебиетінің барлық үлгілері қазақ халқының баға жетпес тарихи байлығы және мәдени мұрасы деп танылады. Халқымызға сан ғасыр арман боп келген тәуелсіздіктің ең басты тірегі, белгісі де – ана тіліміз. Ана тілі – ең басты байлығымыз. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, сондықтан елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек.
Адам көпұлтты ортада өз ана тілінің рөлі туралы көп ойлана бермейді. Тілге деген құрмет, құндылықты қатынас оған балама түріндегі басқа тілдің пайда болуында айрықша байқалады, сондықтан тілді таңдауда адам өзінің шыққан тегіне, сана-сезіміне жүгінеді және ана тілі адаммен мәңгі бірге болып қала береді.
Қазіргі заманауи жаңару жағдайдағы қоршаған әлеуметтік орта, өндірістік үдеріс, көпұлтты ортада жұмыс жасау қандай тілді таңдап, қай тілде сөйлеу керектігін алға шығарады.
Қазақ тілі Қазақстан территориясын мекендеген түпкілікті қазақтардан басқа шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі деп саналады.
Бүгінгі таңда қазақ тілі қазіргі қоғамның білімділігін, сауаттылығын танытатын құндылықтардың бірі ретінде қолданылады. Халықтың тілі – этностың пайда болуымен бірге қалыптасатын және оның өмір сүруінің шарты болып табылатын ұлттың төл болмысының, мәдениетінің маңызды компоненті ұлттық ділді жеткізіп, таратушы құрал деп саналады.
Тіл – біздің басты жеңісіміз және сонымен бірге ол ұлтаралық ынтымақтастық. ҚР-ғы 140- тан астам ұлт өкілдерінің ынтымақтастық пен келісімде өмір сүруі ұлтаралық қарым-қатынастың табыстылығын көрсетеді. Барлық қазақстандық қоғамның бірлігі ұлттық қарым-қатынастың құндылығын анықтайтын және еліміздегі «құндылықты ынтымақтастықты» қамтамасыз ететін этникалық субъектілердің және қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық сана-сезімін жаңғыртудың басты элементі болуы тиіс.
Кез келген тіл – әлемге деген нақты көзқарасты білдіреді. Тілдің жай ғана қатынас құралы емес, оның этникалық өзін-өзі сәйкесетендірудің белгісі екені баршаға белгілі. Бұл өзін сол этносқа жатқызатын адамның тілі.
Бүгінгі таңда қазақ тілі әлемдік қоғамдастықта қалыптасқан нормативтік лексикалық бірліктермен (информатика, нарықтық терминология, халықаралық қатынастар, құқықтану, саясаттану, медицина, психология, философия және т.б.) байып келеді.
Тіл бар жерде халық та, мемлекет те болады, ал тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Мемлекеттілігімізді танытқан тәуелсіздік біздің өмірімізге көптеген тың өзгерістер әкелсе, рәміздеріміз барлық қазақстандықтардың өмірінің бір бөлігіне айналды.
Әр азамат өзінің ана тілін сүйіп, мемлекеттік тілді сол сияқты сол елді мекендеген басқа халықтардың тілін құрметтеп, бағалауы тиіс. Бұл ретте адам өзі сөйлейтін тілге ғана емес, барлық тілдерге толерантты қатынас қалыптастыруы керек.
«Толеранттылық» сөзі қазір жиі қолданылады. Толеранттылық бұл басқа халықтарға деген тілектестік қарым-қатынас және тұлғаны қандай болса, сол қалпында қабылдау, халық және оның мәдениетіне құрметпен қарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет