Кіріспе Негізгі бөлім: Қан топтары


Қосымша агглютиногендер мен агглютининдер



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі28,43 Kb.
#55031
1   2   3
Қосымша агглютиногендер мен агглютининдер
1. I топқа жататын қаннын, агглютиногені «О» мен белгіленеді. Бұл эритроциттерде А мен В агглютиногендері жоқ деген сөз. Бұлар болмағанымен I топты қанда басқа агглютиноген болуы мүмкін. Өйткені агглютиногендердің (А, В, О) қайсысы болса да тұқым қуалайтын биологиялық белгілер. Сондықтан онда А не В агглютиногені болмағанымен басқа белоктық зат болу керек деген болжам айтылады.
2. А агглютиногеннің Аь Аг, А3... деп белгіленетін бірнеше түрі болады. Бұлардың А агглютиногенге қарағанда альфа агглютининімен байланысы әлсіздеу келеді. Сондықтан қан тобын анық-тарда күші әртүрлі қан сарысуын қолданған жөн. Қан сарысуы әлсіз болса, А агглютиноген түрілерінің бар екенін байқамай топтары қанды I топ деп оған I топтары қан құйып, шатастыруга болады.
3. Қанда басқа да М, М, 5Р, Лютеран, Келл, Льюнс, Даффи, Қидд, Диего агглютининдері табылран. Осыран қарай қан топтары да өзгереді. Бұл бір адамда бірнеше рет қан құйған кезде ескеріледі. Ландштейнер әр адамнын, өз тобы болуы керек деп есептейді.
4. АВО жүйесінің агглютиногендерінен басқа адамдарда резус факторы агглютиногені жиі кездеседі (85—86%). Қаннын резус факторын анықтаудың дәрігерлік жұмыста өте үлкен мәні бар, өйткені оны анықтамастан қан кұюға болмайды.
Адам қанында Rһ — агглютиноген алғашқы рет “macacus rhesus” атты маймылдың қанынан табылған, сондықтан да оны Rһ (резус) әрпімен белгілейді. Осы маймылдың қанын коянга құйса, қоян денесіңде маймылдың агглютиногеніне (Rһ) қарсы антидене — антирезусагглютинин пайда болады
Иммунданған қоян қаны сарысуына адам эритроциттерін қос-са, адамдардың 86%-де эритроциттері агглютинацияланады. Демек барлық адамның 86%-де резусагглютиноген болғаны, ал 14%-де резусагглютиноген болмайды. Сондықтан адамдың қаны резус факторы бар (резусты) және резус факторы жоқ (резуссыз) қан деп екі топқа бөлінеді. Донордың резусты қанын (Rһ + ) резуссыз (Rһ-) қанға құйса, 3—4 жұма арасында антидене, яғни антирезусагглютинин пайда болады да, организмде көп жылдар сақталады. Егер осы иммунданған адамға тағы да резусты қан құйылса, оның эритроциттері реципиент қанындағы антирезусагглютининмен кездесіп, біріне-бірі жабысып қалады. Бұл қан құюдан болатын гемотрансфузиялық шокқа әкеліп соғады, дереу Шара қолданбаса адам одан өліп те кетеді. Сондықтан бір адамның канын екінші адамға құярда АВО мен резус жүйе-сіндегі қан аттас болуға тиіс. Резусты донор қаны резусты қанға, ал резуссыз қан тек резуссыз қанға құйылады. АВО жүйесіндегі агглютиногендермен бірге резусагглютиноген де тұқым қуалайды. Резус агглютиногеннің тұқым қуалауына байланысты оның қанда бар-жоқтығын анықтаудың акушерлік маңызы зор. Егер анасының қаны резуссыз, ал әкесінің қаны резусты болса, құрсактары нәрестенің қаны да резусты болуы мүмкін. Мұндай нәрестенің эритроциттері тиісті жағдай тауып, анасыныц қанына өте қалса, нәрестенің қаны резусты болғандықтан анасының организмі иммундалады да, оныц канында антирезагглютинин пайда болады. Бұл иммунданған қан нәрестенің қанына өтсе, поресте эритроциттері желімденіп гемолизге ұшырайды. Мұның салдарынан бала ана құрсағында, не туғаннан кейін гемолиздік шоктан өледі. Сондықтан екіқабат ана қанын мүқият тексеріп, резусы жоқ аналарды есeпке алып, әкесінің қанын тексеру қажет. Ана қанында антирезус пайда болуын, оның әлсіз-күштілігін тексеріп тұру қажет.
Қазіргі кезде Rһ — фактордың да бірнеше түрі (Rh°, Rһ1, Rһ2, Rһ3, Rһ4... Нг°, Н1 ... Д, С, Е тт.) бар екені белгілі болды. Мұндай Rһ түрлері тұрақты донорлардың қанында ғана анықталады.
Қанда қосымша агглютининдер де болады. Бұлардың ішінде адам үшіц ең қауіптісі иммундық анти-А, анти-В агглютининдер, Мұндай агглютинипдер қаны I топқа жататын адамдардық 10—20%-інде кездеседі. Баланьщ қанында 6-айға дейін агглютининдері болмайды, 6 айга толмаган емшектегі балаға атасынын не анасының қан тобын анықтамай құйса (бұл практикада болатын уақиға) баланын қанында анти-А не анти-В агглютинин пайда болуы мүмкін. Бұл антиденелер кейде организмде көпке дейін сақталады.
Агглютинині жоқ IV топта α1 не «α2 агглютинин болуы мүмкін. Ал II—III топтардағы қан агглютининсіз, I топтың жалғыз агглютинині ғана болуы да мүмкін.
Қандағы агглютинргендер ғана тұкым қуалайды, сондықтан баланың кан тобы ата-анасына ұқсамауы мүмкін. Мәселен, әке-сінің қаны IV топқа жатса, яғни оның қанында А және В агглютиногендері болса, ал анасының қанында I топ агглютиногені жоқ болса, нәрестенің қаны I, II, III, IV топқа жатуы мүмкін. Ата-анасының қаны бір,топқа жатса, олардың агглютипогендік бел-гісі гомозиготалық не гетерозиготалық болгандықтан арғы аталарынан берілген белгісіне байланысты бала қаны басқа топқа жатуы мүмкін.
Қан құюға кіріспес бұрын дәрігер мына сұрақтарды толық шешіп алуға міндетті:

  • қан құюға көрсеткіштерді анықтау;

  • құйылатын қанның мөлшерін белгілеу;

  • қан құюдың әдісін таңдау;

  • қан құю үстінде және одан кейін болатын асқынулардың алды-алу.

Құйылатын қанның реципиент организміне әсер ету механизміне тоқталған жөн. Клиникалық тәжірибеде қолданылатын консервіленген тұтас қан реципиент организміне әрқилы әсер етеді. Құйылған қанның организмге әсерін таза сұйықтық тұрғысынан қарастыратын болсақ ол алмастырғыш, тітіркендіргіш (стимуляциялық), қан тоқтатқыштық және залалсыздандырғыш әсер етеді. Қан құюдың алмастырғыш әсері науқасқа қан кеткен кезде көп мөлшерде қан құйғанда (500; 1000; 2000 мл және одан да астам) қанның сұйық бөлігі мен формалық элементтерінің мөлшерін қалыпты жағдайға келтіру арқылы қан айналысын жақсарту мен артериялық қан қысымын, зат алмасу процестерін қалыпқа келтіруге негізделген.
Трансфузиядан кейінгі асқынулардың себептері мыналар:

  1. АВО жүйесінің эритроциттерінің антигенді, резус тобы мен басқа да серологиялық факторлары бойынша донор мен реципиенттің қанының сәйкессіздігі;

  2. бактериялық ластанумен, сақтау, тасымалдау және басқа да себептердің салдарынан бұзылған белоктардың денатурациясымен түсіндірілетін қан және оның компоненттерінің сапасыздығы;

  3. трансфузия әдісіндегі қателіктер (ауа эмболиясы, тромбоэмболия, циркуляторлы жүктеме, кардиоваскулярлы жетіспеушілік және басқалар);

  4. қан құю қарсы көрсетім болатын реципиенттердегі аурулардың болуы; 5) гемотрансфузияның массалық дозасы; 6) "иесіне қарсы трансплантат" арқылы түсіндірілетін рансфузиялық ауру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет