Қорытынды Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды -донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды –реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын III және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады. Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер Қалыпты физиология: оқулық; ред. Л.З. Тель-М «Литтерра», 2015
Физиология человека: атлас динамических схем/ К.В. Судаков, М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009
Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А Өтепбергенов, Ж.Б Нілдібаева, Алматы, 2005.
Селье Г. Стресс без дистресса. - М. Прогресс, 1982.
Sperelakis, Nikolas Essentials of Physiology = Основы физиологии, монография / Nikolas Sperelakis. – Boston: New York: Toronto, London, 1996.