Тақырыбы: Эволюция және прогресс ,түсініктер қатынасы прогресс критерийі
ҚР ғылым және жоғарғы білім министрлігі "Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Педагогикалық институт Биология және ОӘ кафедрасы Эволюция Эволюциялық әрекеттің бағыттары
Биологиялық прогресс Биологиялық регресс
Жоспар
Эволюция
1)Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.
Эволюция
Микроэволюция
Макроэволюция
Түр түзілу
географиялық
Экологиялық
Туыс,тұқымдас,отряд,класс,типтің түзілуі
Биологиялық прогресс
Биологиялық регресс
Эволюция ұғымы, оның бағыттары
Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі
Биологиялық жүйелердің біртіндеп азды көпті бағытта жоғарғы сатыда көтерілу үдерісі
Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек(жетілген)формаға баяу өзгерген үдерісі
Тірі зерзаттардың ,ұзақ мерзімінде сатыға көтерілуі
Биологиялық әрекеттің бағыттары
Ароморфоз
Арогенез
Дегенерация
Катагенез
Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, тофһе — форма, пішін) — органикалық дүние дамуының негізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатыға көтерілуі. Мыс: бауырымен жорғалаушылардың арғы тектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б.
Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі.Мыс:жейтін жемінің және оларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардың тұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттік тіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға,бейімделуі
Дегенерация(лат. degenero – біртіндеп жойылу) – табиғаттағы тірі организмдердің эволюциялық даму бағытының бірі. Кейінгі кезде дегенерацияны катагенез және регресс деп те атап жүр. Табиғаттағы кейбір түрлердің көбейіп, таралу аймағының ауқымды болуы – сол түрлердің құрылымдық деңгейінің қарапайымдала түсуіне әкеліп соғады.Мыс:паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамыры, жапырақтары болмағандықтан фотосинтез процесі жүрмейді
Идиоадаптация
Эволюциялық табыс
Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын болыап табылады.
Прогресс
Регресс
Прогресс
Биологиялық прогресс — жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйілік топтарға ажырауы. Популяция мен түрдің тіршілік ортасына бейімделу.
Биологиялық прогресс – түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілеріне — жүйелік (систематикалық) топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының (ареалдарының) кеңеюі, жеке жүйелік топтарға ажырауы және популяция мен түрдің жаңа тіршілік ортасына бейімделуі жатады. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:
а) түр дараларының саны артады;
ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді;
б) жаңа популяциялар, түр тармақтары, түрлер түзіледі.
Регресс
Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.
Сонымен биологиялық регрестердің себебі: сыртқы орта жағдайының өзгеруіне организмдердің әсер ету қабілетінің жойылуы.
Биологиялық регреске ұшырағандар:
1. Паразитті тіршілік етуге көшкендер;
2. Қозғалмай бекініп, тіршілік ететіндер;
3. Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінің қарапайымдануы.
Паразитті тіршіліу
Қолданылған әдебиеттер
Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Қорытынды
Биологиялық эволюцияның анықтамалары:
Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі