Кіріспе Негізгі бөлім аса қауiптi (карантиндiк) ЖҰҚпалы ауру



бет4/7
Дата30.04.2023
өлшемі42,63 Kb.
#88507
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Клиника. Инкубациялық мерзiм бiрнеше сағаттан 5 тәулiкке дейiн (орташа 2-3 күн).
өту аурудың бастапқы, сипаттамалы белгiсi болып табылады. Кенеттен пайда болады, әуелi де ағыл-тегiл, жиi бөлiнген қара тер қорытылмаған ас бөлшектерi бар нәжiстiк сипатта болады, бұдан кейiн балықтын немесе шикi қырылған картоптын иiсi шығып, сұйық, мақта тәрiздi көбiк жүретiн күйге енедi (күрiш қайнатпасының түрiндей). Сырқаттың тәбетi нашарлайды, сөл мен бұлшық еттiң әлсiздiгi деңдейдi. Дененiң температурасы әдетте қалыпты деңгейде қалады. Тамыр соғысы жиiлейдi, тiл құрғайды, iш тартылғанмен ауырмайды.
Сырқырама тәулiгiне 10 және одан асатын есеге жиiлейдi, ағыл-тегiл тер шығады, жүрек айнымайды, iш ауырады, құсық жиi келедi. Iштiң қатты өтуiмен құсықтың қатты келуi тез (бiрнеше сағаттын бойында) қатты шөлiкпеге алып келедi. Бұлшық ет қатты әлсiрейдi, шөлдетедi, ауыз құрғайды, құрысу пайда болады, кiшi дәреттiң бөлiнуi азаяды, терi мен кiлегейлi қабық құрғақ, тамыр соғысы жиiлейдi, күре тамыр қысымы төмендейдi.
Тырысқақтын ауыр жағдайында күрт құрғаушылық 12 сағаттың бойында дамуы мүмкiн, жағдай күрт нашарлайды, көздiң алмасы тiтiркенедi, дене температурасы 35 градусқа дейiн төмендейдi, терi ұстаған кезде салқын, демiкпе пайда болады. Емделмеген жағдайда ес жоғалады, талма мен тұншықпа жайлайды.
Емдеу. Тырысқаққа шалдыққандарды емдеу су электролит алмасуын қалпына келтiру болып табылады және ол кешендi болуға тиiс. Тырысқақ ауруларының терапиясы емдеу басталғанға дейiн жоғалған сұйық пен тұз шығынын толтыруды көздейдi.
өкпелiк түрi кезiнде iшке, ал ауыр түрi кезiнде 3-5 күн бойында көктамырдың iшiне антибиотикотерапия жүргiзедi (0,3-0,5 г тетрациклин, 6 сағаттан сон сигмамицин) және 5 күннiң бойында 6 сағат сайын 0,5 г левомицетин еңгiзедi. Антибиотиктердi iшке құсық тоқтағаннан кейiн бередi. Дезинтоксикациялық, симптоматиқалық оңалту терапиясы.
Ертiндiлердiң мөлшерiн ауру тер шығарғанда, құсқанда, кiшi дәрет шығарғанда жоғалтқан деңгейде еңгiзу қажет және сонымен қатар ересек адамның тыныс алуымен жоғалтқандары және терi арқылы шыққан 1-1,5 л сұйық есептеледi. Бұл үшiн барлық бөлiнетiн сұйықтың жиiнi мен өлшенуiн ұйымдастырады. Бiр тәулiктiң бойында 10-15 л ерiтiндi егiзуге тура келедi.
Диета: сұттi тағамдар, қырналған және бүркегiш тағамдар, сусынды көбiрек iшу, витаминдер.
Сақтандыру. Тырысқақпен ауырғандарды ертерек және белсендi анықтау, оқшаулау және емханаға жатқызу, вибрионның бар жоғын анықтау және оны оқшаулау. Санитарлық-карантиндiк шараларды ұйымдастыру. Ошақтағы дезинфекция мен дезинсекция, тамақтану сумен жабдықтауға медицина бақылауды күшейту. Арнайы сақтандыру үшiн тырысқақ вакцинасы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет