Кіріспе Негізгі бөлім аса қауiптi (карантиндiк) ЖҰҚпалы ауру


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АУРУЛАР



бет6/7
Дата30.04.2023
өлшемі42,63 Kb.
#88507
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аса қауіпті жұқпалы аурулар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АУРУЛАР.

Түберкулез (күрт ауруы)
Туберкулез-созылмалы жұқпалы ауру. Ол әртүрлі органдарға жайылуы мүмкін. Оларда ұсақ бұдырлаұтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан.
Туберкулез адамдардың ең көне ауруларына жатады.
Туберкулез кезінде көбінесе (оқиғалардың 90 пайызы) тыныс органдары зақымданады. Өкпе адам тыныс алатын үлкен көлемімен қатар ауру таратқыш микроорганизмдермен ұлайы байланысқа түседі. Жұтылған ауа жыпылақтағыш эпителиямен тұрақты қозғалыста болатын кірпіктік клеткалармен жабылған ауа жолдарында тазаланады.
Кірпіктер, секундына 12 діріл жасай отыра, қалалық адамның бүкіл өмірі бойында 5 кг шаңның шығарылуын, ал қатты шаңдалатын жерде жұмыс істейтін адамдарда 40 кг-ға дейін шаңның шығарылуын қамтамасыз етеді.
Шаң-органикалық және неорганикалық тектегі бөлшектер қоспасы. Онда әртүрлі микроорганизмдердің үлкен мөлшері жинақталған. 
Вирусты гепатит
Вирустық гепатит- жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру.
«Вирустық» гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрді-А-вирустық гепатитын (жұқпалы гепатит) және В-вирустық гепатитын (сары су гепатиты) біріктіреді.
А вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамның сау адамға өтеді.
В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.
Эпидемиялогия. Вирус гепатиты кезінде жұқпалы көзі ауру адам болып табылады. А вирусы гепатиты кезінде қоздырғыш қара тер арқылы бөлінеді. Вирустың нәжістегі шамалы көлемі инкубациялық мерзімнің аяғында және сары ауру таралатын мерзім бойында байқалады. Бұл уақытта аурулар төңіректегі адамдар үшін өте қауіпті. Сары аурудың пайда болуыменнәжістегі вирусты байқау өте қиын. Қанда А гепатиты вирусын аурудың алғашқы пайда болғанға дейін 2-10 күн ішінде байқауға болады.
В гепатитымен ауырғандарда вирус қанда жиналады. Вирус сары суда аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін (25-45 күн) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет