Бүгін ұлттық валюта бағамы тек Қазақстан үшін ғана емес, барлық посткеңестік елдер үшін ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бағамын тұрақтандыру тек уақытша әсер алып келеді. Себебі валюта бағамының өзгеуі көптеген вакторларға байланысты. Валюта нарығын болжау кезінде жоғарыда айтылған барлық бакторларды ескеру қажет. Ол барлық сыртқы факторлардың мониторнингін талап етеді. Ең алдымен біз Ресей мен Қытай елдерінің эконмикалық жағдайына назар аудауымыз қажет. Себебі бұл елдер біздің ең маңызды саудалық серіктестеріміз.Бұдан басқа, Қазақстан Еуразиялық эконмикалық Одақ арқылы Ресей экономикасына қатты байлаулы. Көрші мемлекеттегі кез-келген қолайсыз жағдай экономикалық жағдайға автоматты түрде ықпал етеді. девальвация себептерінің бірі рубль бағамының төмендеуінебайланысты. Бұл елімізге сыртқы факторлар әсерінің тікелей дәлелі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ағымдағы ақша-несие саясаты экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуіне ықпал етуде. Алайда, түбегейлі өзгертулерсіз продбемаларды шешуде, ұлттық валютаның тұраұтылығын сақтау үшін ақша-несие саясаты жеткіліксіз. Экономиканың нақты секторының оның ішінде шикізаттық емес салаларды дамыту арқылы ұлттық нарықты отандық тауарларменен толтыру, инвестициялық-инновациялық моделін ынталандыру, жөніндегі тиімді шараларарқылы долларсыздандыру тұрақты валюта бағамы мнен экономикалық өсімге жетуге мүмкіндік береді.