Кіріспе негізгі бөлім



бет1/2
Дата28.03.2023
өлшемі22,52 Kb.
#76659
  1   2
Байланысты:
валюта реф


ҚР ұлттық валютасын тұрақтандыру мәселесі

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 ҚР ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ

1.2 ҚР ҰЛТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ


КІРІСПЕ
Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі.


Валюта ұғымы үш мағынада қолданылады:

  1. Сыртқы экономикалық байланыстарда және басқа елдермен халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын осы елдің ақша бірлігі (ұлттық валюта).

  2. Шет мемлекеттердің ақша белгілері (шетел валютасы), сондай-ақ шетелдік ақша бірліктерінде көрсетілген және халықаралық есеп айырысуларда қолданылатын кредиттік және төлем құжаттары.

  3. Халықаралық (аймақтық) ақша бірлігі және төлем құралы (теңге, Араб есеп айырысу доллары, анды песосы және т. б.)

Валюта курсы, валюта бағамы — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігімен белгіленген құны. Валюта курсы, көбінесе, ұлттық валюталардың халықаралық ақша бірлігіне, мыс., ЭКЮ-ге, СДР-ге (қарыз берудің арнайы құқығы) қатынасы бойынша қолданылады. Қазіргі кезде валюта курсы валюталардың сатып алуға жарамдылығын ескере отырып белгіленеді және өте айнымалы болып табылады . Валюта курсына ықпал ететін негізгі факторлар қатарына елдің төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, қысқа мерзімді капиталдардың елдер арасындағы ауыс-түйісі, сондай-ақ, саяси дағдарыс пен әскери қақтығыстар (соғыс) жатады. Валютаның тұрақтылығы ел экономикасы үшін шешуші факторлардың бірі болып табылады сол себепті әр ел өз елінде валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуді қалайды.
Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызмет болса- валюталық реттеу деп аталады.
1.1 ҚР ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ
Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгеріс болып табылады. Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселесін зерттеудің өзекті екені айқын.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз эмитенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттардан және монеталардан тұрады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі мен сипаттамалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде
 белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Валюта бұл ел экономикасының баты көрсеткіші. Және оның тұрақтылығы елары қарай жылжуының кепілі болып саналады.
Әрбiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндiрiс және айырбас үдерісінде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағам бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Ұлттық валюта - мемлекеттің дербестігінің бір белгісі.
Қазақстанның валюта саясаты ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ұлттық валюта бағамындағы өзгерістерге шолу жасап өтсек,1991 жылы Одақтан бөлініп, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде ұлттық валютаның қабылдануы екі жылға кешігуінің салдарынан орыстың сабан ақшасы экономикаға орасан шығын әкеліп, 90-шы жылдардың ортасында қиын жағдай туындады.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғы негізінде 1993 жылы 15 қарашада ҚР-да сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.
Ұлттық Банк бағамның ауытқуын тегістеу саясатын жүргізіп отырды, шетелдік валютаға сұраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, теңге бағамының қатты құлдырауын болдырмау үшін, ол валюта нарығында интервенцияны жүзеге асырды. Басқаша айтқанда, валюта сатты, соның нәтижесінде Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві төмендеді. Валютаға деген ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда, Ұлттық Банк теңгенің қатты нығаюын болдырмау үшін ол валюта сатып алды. Осы кезеңде экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың (жұмыстары және қызметтері) экспортынан түскен міндетті түсімдерді енгізуі ұлттық валютаның белгілі бір тұрақтануына қол жеткізді.
Ал 2010 жыл Қазақстанның экономикасы үшін ең тұрақты жыл болды.Теңге доллар жұбының құбылмалылығы 1,6% құраған, ал Ұлттық банктің валюта нарығында нетто-интервенция жыл бойына 2 миллиард АҚШ долларына астам болған. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2010 жылғы ұлттық валютаның орташа бағамы 1 доллар 147,34 теңгені құрады.

1.2 ҚР ҰЛТЫҚ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ


Қазіргі экономикалық жүйе аясында оның ажырамас бөлігі халықаралық және ұлттық валюта болып табылады. Валютаны пайдаланудың негізгі бағыттары: экономиканың жекелеген секторларын қалыптастыру, сондай-ақ жергілікті және жаһандық нарықтарды реттеу болып табылады.
Тұрақтылықтың дәстүрлі көрсеткіштеріне инвестициялардың ұтымдылығын бағалау және шетел валютасының, шет мемлекеттердің тұрақтылығын бағалау үшін қолданылатын сыртқы тұрақтылық критерийлері жатады.
Критерийлердің бірі-елдің әлемнің валюта жүйесіндегі позициясын көрсететін төлем балансы, сонымен қатар халықаралық сауда деңгейінде экономикалық айырбас жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді. Ұлттық бірліктің тұрақтылығы, бұл критерийге байланысты сыртқы.
Тағы бір сыртқы критерий-инфляция, ол ішкі критерийлерге де қатысты. Біріншісі тұрғысынан-инфляция деңгейінің жоғарылауы сыртқы инвесторлар үшін инвестициялардың тиімсіздігін көрсете алады. Екіншісіне қатысты-бұл өсім ұлттық валютаның нығаюына және экономиканың өсуіне ықпал ететін ел халқының болашаққа сатып алулар жасауының белгісі ретінде қабылдануы мүмкін. Алайда, инфляция деңгейінің белгілі бір шектен асуы (шамамен 10%), оның шетелдік инвесторлар үшін ішкі проблемалар туралы сигнал болады .
Ұлттық валютаның тұрақтылығының ең басты критерийі ақша массасы мен ЖІӨ арақатынасы деп атауға болады, өйткені ұлттық экономиканың негізгі мақсаттарына қол жеткізуге (Жұмыспен қамтудың өсуі, бағаның тұрақтылығы және т.б.) осы көрсеткіштер динамикасының сәйкестігі әсер етеді.
Бізде соңғы бес жылда рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 5 теңгеден түскен жоқ. Ал бүгінгі ұлттық банк дерегінше, 1 рубль 5,97 теңге болып тұрса, 1 АҚШ долларының құны 447 теңгені құрап отыр. 2019 жылы кенеттен келген ковид індеті, елдер арасындаға саяси шиеленісулер, халықаралық аренада инфляция деңгейінің артуы еліміздің экономикасына әсер етпей қоймады. Әсіресе бұл теңге бағамының төмендеуі мен елдегі инфляция деңгейінің артып, халықтың тұрмыс жағдайының соңғы жылдарда нашарлануынан көрініс тапты.
Мемлекет теңгені тұрақтандыру үшін бүгінгі таңда ақша-несие саясатын, инфляцияны таргеттеу мен депозиттер көлемін қлғайту арқылы жұмыс жасап отыр.
2022 жылы инфляция теңгенің құнсыздануынан озып кетті. Инфляция былтырғы жылдың қортындысы бойынша 20,3% көрсетті. Жалпы 2022 жыл бізде де, әлемде де жоғарғы инфляция кезеңі ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Демек, теңгенің құнсыздануы инфляциядан үш есе аз болды. Ал ол жинақтау моделі үшін тиімді болды ма деген сұраққа жауап іздеу үшін, біз былтырғы жылғы депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді зерттеуіміз керек.
2022 жылдың басында депозиттердің максималды ставкасы 13,7 пайыз деңгейінде еді. Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін базалық ставка өсті де, депозит мөлшерлемесі 14,9 пайызға дейін көтерілді. Ал жыл аяғына біз 18,3 пайыздық ставкамен келдік.
Бұл нені білдіреді? Демек, теңгенің бір жылдық кірістілігі оның сол уақыттағы құнсыздануынан 8,5%-ға артық болды. Қарапайым тілмен айтсақ, теңгемен депозит ұстағандар жақсы кіріс алды. Яғни, ұтты.
Ресей Украинаға шабуыл жасаған 24 ақпан күні рубль, ал одан кейін теңге шок жағдайында болды. Осы кезде, Үкімет пен Ұлттық Банктің теңгелік депозиттерге өтемақы төлеу бойынша шұғыл шешімі жағдайды құтқарып қалды деп есептеймін. Ол ең алдымен нарыққа психологиялық эффект берді. Адамдар теңгелік депозиттерді жаппай долларға ауыстыруға көшкен жоқ.
Одан бөлек, теңгеге валюталық айырбастау процесінде мемлекеттің басты рөл ойнауы қолдау білдірді. Ол қалай жүзеге асты? Алдымен, валютамен выручка алатын квазимемлекеттік компанияларға сол кірістің едәуір бөлігін теңгеге айырбастау міндеті артылды. Соның нәтижесінде, былтыр ұлттық компаниялар 5,1 миллиард долларды теңгеге айырбастады. Бұл сома Ұлттық Банктің валюталық корзинасы мен позициясын жақсы күшейтті. Яғни, бізде долларлық және евролық өтімділік жоғары болды. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық Банк қорында кез-келген жағдайға дайын доллар жатты.
Мемлекет мұнымен тоқтамады. Былтыр Ұлттық қордан бюджетке бағытталатын трансфертті қамтамасыз ету үшін 4,3 миллиард доллар сатылды. Осының арқасында, Ұлттық Банк бірінші тоқсанда шок жағдайын тұрақтандыру үшін биржада валюталық тікелей интервенциялар жасай алды. Осы интервенциялар көлемі былтыр 1,4 миллиард АҚШ долларына тең болды. Сонда ұлттық валютамызға былтыр жанама түрде 10,8 миллиард доллар сома тұрақтандыру бойынша әсер берді.
Сарапшылардың айтуы бойынша 2023 жыл теңге үшін былтырғыдан жақсы болуы тиіс. Себебі, өткен жылы біз күтпеген жерден соққы алғанымызды ұмытпайық. Ресейге бұрын-соңды болмаған санкциялар келді. Оның логистикалық салдары біздің де дәстүрлі тауар айналымы жолдарын бөгеді. Жаңа жол іздеуге мәжбүр болдық.
Әлемдегі инвестициялық банк сарапшылары биыл мұнай бағасы Brent барреліне 90 доллардан жоғары болатынын айтып отыр. Теңге үшін мұнай бағасының жоғары болғаны жағымды. Ал жалпы мемлекет үшін теңгенің тым қымбаттап, не тым арзандап кеткені тиімсіз. Ең дұрысы, қазіргі бағамында тұрақты тұру. 
Жаһандық сарапшылар 2023 жылы экономикалық белсенділік баяулағандықтан тұтынушылық сұраныс төмендейді, соның салдарынан инфляция азаяды деген болжам айтып отыр. Егер ол рас болса және қазіргі Ұлттық Банк базалық ставкасының жоғары екенін ескерсек, 2023 жылы депозитті теңгеде ұстаған өте тиімді болмақ. Тұрақтылық жағдайында кем дегенде 15% кіріс алуға болады. 2023 жылдың қортынды инфляциясы 12 пайыздан төмен болып шықса, онда барлық бинго сіздің қолыңызда қалмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет