Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары. Оқушылардың даму физиологиясы


Ішек бүрлерінде астың қорытылуы



бет8/16
Дата20.02.2023
өлшемі233 Kb.
#69408
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителінің микробүрлері болады. Олардың саны өте көп – 1мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Ас қорытудың осы ерекшілігін мембрандық ас қорыту дейді. Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар – индол, скатол, фенол т.б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алдымен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Ұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.
Сіңу. Белоктар пепидтер, амин қышқылдары, нуклозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңген заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді.
Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ май тамыршаларына айналдырады да, ішек қабырғасына өтуіне мүмкіндік жасайды.
Көмірсуларының ақырғы өнімі моносахаридтер – глюкоза, фруктоза мен галактоза қанттары тікелей қанға сіңеді де бауырға бауырға келеді. Мұнда көмірсу зат алмасуына қатысады.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Балаларда, әсіресе тіс кариесі жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздарын ерітеді. Әсіресе көмірсуының ашылғанынан пайда болатын сүт қышқылы тіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін өте суық тағамдарды жеу өте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жруға балаларға рұқсат етпеу керек.
№ 11 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет