Кіріспе сабақ. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері



Дата31.12.2021
өлшемі1,17 Mb.
#22180
түріСабақ
Байланысты:
04.09.2021 А-107К през

04.09.2021

  • Кіріспе сабақ.
  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
  • Жалпы қауіпсіздік талаптары:
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
  • Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  • Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған дербес компьютерде жұмыс істеуге тыйым салынады.
  • Үстелге, дербес компьютердің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
  • Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
  • Дербес компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
  • ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
  • Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
  • Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
  • Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
  • Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
  • Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
  • Дербес компьютер электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, Дербес компьютердің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
  • Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
  • Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
  • Дербес компьютерде жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
  • Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
  • Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
  • Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
  • Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
  • Дербес компьютерде жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
  • Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
  • Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
    • Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
    • Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
    • Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
    • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
  • Күйгенде көмек көрсету:
    • Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка)
    • Күйген жеріне май жағу (винилин)
    • Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау
    • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
  • Талып қалғанда көмек көрсету:
    • Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу
    • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
  • Демі тоқтағанда көмек көрсету:
    • Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
    • Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
    • Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру керек
  • Оқушының міндеттері
  • а) Компьютерде жұмысты бастар алдында:
  • Компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге.
  • Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты – жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға.
  • Жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті.
  • б) Компьютерде жұмыстын аяқтап болысымен:
  • Өз жұмысын орнын қалпына келтіріп, компьютерді сөндіруге.
  • Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың аяқталған уақытын және жұмыс барысында байқаған ақаулықтарды жазуға.
  • Жұмыс орындау мақсатында өзіне берілген дискеталарды, дискілерді және оқулықтарды мұғалімге тапсыруға міндетті.
  • Көз талғанда жасайтын жаттығуларды есіңе сақта және оларды орында!
  • 1 – жаттығу.
  • Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
  • Көздеріңнің бұлшық теін босаңдатып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 – 5 рет қайталаңдар.
  • 2 – жаттығу.
  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
  • Көздеріңді талдырмаңдар.
  • Алысқа қадағалап қараңдар.
  • 3 – жаттығу.
  • Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
  • Алысқа қадағалап қараңдар.
  • 4 – жаттығу.
  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
  • Алысқа қадағалап қараңдар.
  • 5 – жаттығу.
  • Көзден 30 см арақашықтыққа қарындашты ұстап тұрып ұзақ тесіле қараймыз, сосын мұрынның ұшына қараймыз.
  • 6 – жаттығу.
  • Алақанды бір – біріне уқалап жылытып алып көзге жайлап басу керек. Осылайша 3 – 5 секунд тұру.
  • 7 – жаттығу.
  • Көздеріңді 20 – 30 секунд бойы жиі – жиі жыпылықтатындар.

Үйге тапсырма

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін жаттап алу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет