Кіріспе (шамамен 60 сөз) Тапсырманы өз сөзімен қайта жазу Өз ойын білдіру Эссенің мақсаты
Тақырыпты түсіну Өзектілігі Тезис Кіріспеден негізгі бөлімге өтуші сөйлем
Негізгі бөлім 1-ші параграф (шамамен 85 сөз) Бірінші пікірді білдіру Неліктен олай ойлайтынын түсіндіру Мысал келтіру Параграфты қорытындылау
2-ші параграф (шамамен 85 сөз) Екінші пікірді білдіру Неліктен олай ойлайтынын түсіндіру Мысал келтіру Параграфты қорытындылау
Қорытынды (шамамен 45 сөз) Эссені қорытындылау Соңғы ойын білдіру Шағын эссе құрылымына мынадай мысал келтіруге болады:
Тапсырма: Әкімшілік қала сәнін келтіретін уақытша өнер туындыларына (Алматыда салынған тиін мүсіні, Астанада салынатын мұз қалашығы т.б.) босқа ақша жұмсайды. Оның орнына қаржыныхалыққа қызмет көрсету орындарына жұмсау қажет. Сіз бұл пікірменқаншалықты келісесіз? Қосымша тапсырма: Үйленген жастарға той жасау ақшаны босқа шашу. Оның орнына туыстары жастарға пәтер алу үшін ақшалай сыйлық жасағаны дұрыс. Сіз бұл пікірменқаншалықты келісесіз? Жауабы: Қазіргі кезде жергілікті бюджеттен халыққа қызмет көрсету қызметтеріне ғана емес, қаланы уақытша безендіруге арналған туындылар қою үшін қаржы жұмсалатыны белгілі. Дегенмен қала көркін арттыратын абаттандыру жұмыстарына қаржы шығындаумен келісемін және мұндай жұмыстарға жұмсалған ақша босқа кетіп жатқан жоқ деп ойлаймын. Эссе аталған тақырыпқа қатысты тұжырымдарды мысалдар арқылы талқылауға бағытталады.
Жергілікті бюджет қаржысының көп бөлігін халыққа қызмет көрсету саласына жұмсалатыны өте орынды. Жолдар, мектептер, ауруханалар салу сияқты жергілікті халыққа қызмет көрсету саласына ақша бөлу, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы кезде жүргізілген зерттеулер білім саласына көп қаржы жұмсайтын мемлекеттердің экономикалық өсімі мен халқының жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғары екенін көрсетті. Сол себепті жергілікті деңгейде халыққа қызмет көрсету саласына қаржылық тұрғыдан кең қолдау танытылады.
Бірақ бұл қала сәнін келтіретін өнер туындыларына қаражат бөлу қажет емес дегенді білдірмейді. Қала көркін арттыратын туындылар да жергілікті халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Мәселен, ғалымдардың зерттеуі бойынша, қалада орнатылған мүсіндер, мұз қалашықтар тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, бақытты сезінуіне ықпал жасайды екен. Өз қалаларының құлпырып, абаттануы тұрғындардың сезіміне оң әсерін тигізіп жатса, әкімшілік тараптан мұндай өнер туындыларына қаржы бөлу жалғаса бергені дұрыс сияқты.
Қорытындылай келе, жергілікті бюджет қаражатының басым бөлігі халыққа қызмет көрсету саласына жұмсалатыны анық, қала көркін арттыру үшін жұмсалатын өнер туындыларына қаржы жұмсау ақшаны текке шашу емес. Сол себепті алдағы уақытта жергілікті әкімшілік бұл екеуіне де қаражат бөлуді қарастырғаны дұрыс.