ҚОРЫТЫНДЫ 1. Адгезиялық беріктікті реттеудің ең тиімді тәсілі полимерлі байланыстырғышты модификациялау болып табылады. Модификациялау бөліну шекарасындағы қалдық кернеулерді азайтуға, талшық бетінің байланыс- тырғышпен малынуын жақсартуға және полимерлік матрицаның беткі қабаттарының бұзылу механизмін реттеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, полимерлерді модификациялау қажетті қасиеттерге ие материалдарды алу үшін олардың физика-механикалық сипаттамалар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
2. Адгезияның бірнеше теориялары белгілі (механикалық (микро- реологиялық), адсорбциялық (немесе молекулалық, химиялық, электрлік, диффузиялық, релаксациялық, әлсіз шекаралық қабаттар теориясы). Олардың әрқайсысы микроүлгілерде «адгезив-субстрат» қосылысының адгезиялық беріктігін өлшеу және әр түрлі факторла әсерін зерттеу бойынша физика-химиялық эксперименттердің нақты нәтижелерін түсіндіру үшін әзірленген. Қосылыстың адгезиялық беріктігін анықтайтын полимерлердің талшықтармен әрекеттескендегі негізгі факторлары компоненттердің химиялық табиғаты және адгезив-субстрат бөліну шекарасындағы өзара әрекеттесу болып табылады.
3. Резина-корд байланыс беріктігіне келесі факторлар айтарлықтай әсер етеді: резина қоспасының субстрат бетін малу, оның элементтері арасына және бөлінудің айқын бетінің жойылуынан беткі қуыстарға ағып бару қабілеті; вулкандаушы және модификациялаушы жүйелер компоненттерінің фаза аралық аймақтың өтпелі және шекаралық қабаттарына диффузиялануы; әртүрлі энергияның химиялық байланыстар спектрінің сипаты және олардың фаза аралық аймақтың өтпелі және шекаралық қабаттарында шоғырлануы; түзілген фазааралық химиялық байланыстардың қажуға және ескіруге тұрақтылығы.
4. Корд-адгезив-резина жүйесінде ең әлсіз орын адгезив-резина шекарасы болып табылады, әдетте сол бойынша бұзылады. Бұл адгезив-корд шекарасына қарағанда төмендеу дамыған бет; термодинамикалық сәйкес келмейтін полимерлерді қолдану; диффузияның қиындауы; резинада көптеген толықтырғыштардың болуы сияқты себептерге байланысты. Сондықтан, адгезив-резина шекарасында адгезияның жоғарылауы тұтас резина-корд жүйесінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға ықпал ететін болады.
5. Табиғи битумдар күкітті көміртек пен төрт хлорлы көміртекте еритін көмірсутектер мен олардың күкіртті, оттегілі және азотты туындылары қоспасынан тұратын қатты суда ерімейтін органикалық материалдарды білдіреді. Мұнайлы Мола кен орнының табиғи битумының компоненттік құрамын зерттеу табиғи битум құрамында мынадай болатынын көрсеттті: шайыр - 46,5 % мас., асфальтендер -5,9 % мас., майлар - 47,8 % мас. Шайырлар мен майлардың көп мөлшері табиғи битумды резиналар мен тоқыма кордының арасындағы байланысу беріктігін арттыратын резина қоспасының модификаторы қызметін атқаруына мүмкіндік береді.
6. Резина қоспалары мен резиналардағы табиғи битум орындай алатын функцияларды анықтау үшін олардың мөлшерінің СКИ-3 каучугі негізіндегі толықтырылған резина қоспаларын вулкандау кинетикасына және резиналардың физика-механикалық сипаттамаларына әсері зерттелді. Негіз ретінде шина қаңқасының негізгі қабаттарын резиналауға арналған стандартты резина қоспалары алынды. Резина қоспаларының тәжірибелік үлгілері стандартты рецептурадан балқуы жоғары жұмсартқыш - мұнай битумын біртіндеп алып тастау және Мұнайлы Мола кен орны МБЖ-нан алынған табиғи битумды қосу арқылы алынды.
7. Ұсынылған композициялық қоспаның қанағаттанарлық реологиялық қасиеттері мен вулкандау сипаттамалары бар, одан алынған вулканизаттар жақсы беріктік, созылымдылық және адгезиялық қасиеттер кешеніне ие.