Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет6/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Модификация РС битумом каз Ақтанбек Жансая хт-18-6тк2

1.2 Табиғи битумдар құрамы

Табиғи битумдар - құрамында оттегі, күкірт, азот және металдар бар жоғары молекулалық және гетероатомды қосылыстар мен көмірсутектердің күрделі қоспасы болып табылады. Табиғи битумдардың қайнау аралығы атмосфералық айдау қалдықтарының қайнау аралығына жақын. Табиғи битумдардың лап ету температурасы 220-240°С құрайды. Генетикалық тұрғыдан табиғи битумдарға мұнайдың табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумин-кериттер, озокериттер, антраксолиттер және т.б.) және олардың аналогтары (нафтоидтер) жатады . Табиғи битумдардың жіктелуі және олардың мұнайдан айырмашылығы 3-кестеде келтірілген.


Кесте 3 - Мұнаймен салыстырғанда табиғи битумдардың жіктелуі [29]





Битум

С, % мас.

Н, % мас.

O+N+S, % мас.

р, кг/м3

Майлар, % мас.

Кокс саны

Мұнай

84-86

12-14,0

0,5-4,0

750-960

65 астам

0-5

Мальталар

80-87

6-13,0

3-7,0

950-1050

40-65

5-15

Асфальттар

76-86

7-12,0

5-10,0

1000-1120

25-40

10-20

Асфальтиттер

75-86

6-11,0

5-10,0

1050-1120

5-25

10-55

Кериттер

75-91

5-9,0

5-10,0

1050-1300

1-15

25-85

Антраксолиттер

73-99

1-5,0

0,5-5,0

1000-1300

-

80-100

Көптеген табиғи битумдарда негізгі бөлігін 350 °C-ден жоғары қайнайтын компоненттерден тұрады, шамамен олардың жартысына жуығы көмірсутектерді білдіреді. Парафинді-нафтендік және моноциклароматтылар үлесіне майлы фракциялар көмірсутектерінің жартысынан көбі тиесілі. Табиғи битумдар және тұтқырлығы жоғары майларда қалыпты құрылымдағы парафинді көмірсутектер іс жүзінде жоқ, бұл майлардың қату температурасын төмендетеді. Зерттеу әдістерінің алуан түрлілігіне қарамастан, табиғи битумдардың химиялық құрамы олардың физикалық, реологиялық және коллоидтық қасиеттеріне қарағанда едәуір аз зерттелген [30].


Әлемдегі табиғи битум қорлары жеңіл және орташа мұнай қорларынан бірнеше есе көп және 500-ден 1000 миллиард тоннаға дейін бағаланады. Табиғи битумның ең ірі кен орындары Канададағы – Атабаска мен Ориноко; Венесуэладағы – Боливар Коастэл мен Боскан; Кувейттегі – Бурган болып табылады [28]. Ресейде ауыр мұнайлар мен табиғи битумның көп бөлігі Татарстан, Башқұртстан және Удмуртия республикаларында, Самара, Улянов және Пермь облыстарында шоғырланған. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан Республикасы аумағында табиғи битум қоры 1 млрд т, ал мұнай битуминозды жыныстар (МБЖ) 15-20 млрд тоннадан асады. Бұл қорлар Каспий маңы ойпатында және Батыс Қазақстандағы Тұран плитасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және 120 м тереңдікте жатыр.
Қазақстанның мұнай битуминозды жыныстарынан Батыс Қазақстан кен орындарының: Ақши, Қарасай, Қопа, Мөртүк, Дөңгелексор, Көлжан, Түбқараған; Мұнайлы Мола, Иманқара, Қанжігіт, Сатыпалды және т. б. табиғи битумдары [6-9]; сондай-ақ Аралтөбе, Жосалысай, Қойқара, Беке кен орындарының МБЖ сынамалық зерттеулері зерттелді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет