Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет1/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Резина өндірісінде резинамен қатар құрылымды күшейтетін армирлеуші құрал ретінде әртүрлі материалдар қолданылады. Мұндай материалдарға алуан түрлі тоқыма бұйымдары — иірілген жіп, маталар, трикотаж және басқа материалдар, сондай-ақ әртүрлі металл бұйымдары - сым, өрілген сым, сым арқан жатады.
Қасиеттері жағынан соншама әр түрлі осы материалдарды ең тиімді бірге қолдану — бұйымның құрылымдық элементтерін түзетін материалдардың ерекшеліктерін білуге және ескеруге міндетті конструкторлар мен резина технологтарының алдында тұрған мәселе.
Алайда, бұл адгезивтер әрдайым байланыстың беріктігін арттыруға қойылатын талаптардың артуына сәйкес келе бермейді. Резиналардың адгезиялық қасиеттерін жақсартатын модификаторлардың әртүрлі типтері белгілі. Резинадан адгезивтердің шекаралас аймақтарына өтетін модификаторлар олардың қасиеттеріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан, қоршайтын резиналарда жаңа модификаторларды қолдану адгезивтердің рецептурасын түзуге жаңа тәсілдерді қажет етуі мүмкін. Бұл резиналардың тоқыма кордпен байланысу беріктігін арттыру үшін битуммен резина қоспаларының модификаторларын іздеу саласында одан әрі зерттеу қажеттілігін тудырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Резиналардың тоқыма кордпен байланысу беріктігін арттыру мақсатында резина қоспаларын битуммен модификациялау.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілді:
- эластомерлер, шиналар құрылымындағы армирлеуші материалдар және резина-техникалық бұйымдар негізінде композициялық материалдар жасаудың қазіргі заманғы жолдарын, резина қоспалары мен тоқыма кордтың адгезиялық байланысын түзуінің теориялық негіздерін зерделеу;
- осы тұрғыдан алғанда резиналардың тоқыма кордпен байланысу беріктігін арттыру үшін резина қоспаларының модификаторлары ретінде табиғи битумдардың тиімділігін бағалау;
- қаңқа мен брекердің құрамына кіретін кордты резиналауға арналған резина қоспасының рецептін әзірлеу;
- алынған резина қоспалары мен вулканизаттардың технологиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет