Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі


Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама



бет3/14
Дата21.10.2023
өлшемі332 Kb.
#120280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту (1)

1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
Сөз тілдің негізгі единицасы, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағынан қаласа мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі т сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.
Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің күрделі құбылыс екеніндігін білдіреді. Тілдегі сөздер бір-бірімен дыбыстық ерекшелігі мен морфологиялық құрамы жағынан да қилы-қилы. Мәселен, Жомарт кеше Алматыдан жүрдек поездбен келді, деген сөйлемдердегі сөздерді жеке-жеке алып қарасақ, дыбысталу жағынан да, морфологиялық тұлғасы жағынан да, керек десеңіз, сөйлемдегі атқарылып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындағы сөздерсіз ешқандай ой пікір құруға болмас еді.Сол сияқты тілдің грамматикалық заңдарынсыз айтылатын ой түсініксіз, әрсіз болар еді. Сондықтанда бұлардың әрқайсысына тән ерекшелігімен қызметі бар негізгі элементтер екендігін көреміз.
Сөздерді фонетикалық, грамматикалық жақтан талдау мүмкін болғанымен, сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашылу мүмкін емес. Фонотиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын – барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, оның даму заңдылықтары, синоним, онтоним сияқты құбылыстарда сөздерге тән заңдылықтар. Дегемен осы ата аталған қаситтерді жеке – жеке өмір сүретіні анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөздер болмайды. Сөз болуы үшін дыбыстық,грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыда аты аталған белгілері сөз элементтері деп аталуы үшін сол белгілер мен бірге, лексикалық мағынасының да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысын, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болсақ, онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлелдеп жатпай-ақ көз жеткізуге болады. Тіпті сөзге көпшілік тілші ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берілмегендігін айтудың бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді.
Көптеген оқулықтарда «Сөз мағына мен дыбыстардың бірлігі» деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесе, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатыны даусыз. Дыбысталусыз сөз болмайтын сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердъің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды, өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әртүрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналы қасиеттімен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. І. Кеңесбаев «Сөз – дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық белгісі», - деп, сөз
дің мағынасын күрделендірген.
1979 жылы жарық көрген Ә.Болғанбаевтың оқулығында: «Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз – белгілі бір құбылыстың аты», - деп анықтама береді Сөзге мағына мен дыбыстың бірлігі, не мағына мен дыбыстың және грамматикалық категориялардың бірлігі деп берілген анықтамалардың қазіргі тілшілерімізді қанағаттандыра алмайтындығы анық.
Тіл – тілдердегі сөздердің табиғаты мен түрлі қасиеттерінің өзара сәйкес келе бермейтіндігі кей ғалымдарымыздың жалпы сөзге тиянақты анықтама бежруге болмайды деген қорытындыға келуіне себепші болған. Мысалы, М.Н. Петерсон: «Сөздерге қанағаттанарлық анықтама жоқ, оны біреудің өзі де екі талай: сөз логикалық анықтама беріп болмайтын түсінік, сондықтан оны тек сипаттап не белгілерін көрсету мен ғана шектелгені дұрыс», - деген болатын. Осы пікірге жақын Л.В. Шербада да бар: «Шындығында, сөз деген не? меніңше, бұл түрлі тілдерде түрліше болады. Бұдан жалпы, сөз деген түсінік жоқ деген туады мен сөз туралы көптен бері ойлап жүрсемде, бұл проблеманы шешуді өз алдыма мақсат ете алмаймын», - дегенді айтады.
Мұнан сөзге тіпті анықтама беруге болмайды деген түсінік тумаса керек. Біз жоғарыдағы пікірлерді сөздің аса күрделі құбылыс екенін дәлелдеу үшін келтіртік. Біздің ойымызша, профессор М.Оразовтың «Сөз теориясы» деген еңбегінде «Сөз дегеніміз мағыны мен дыбысталудың тарихи әлеуметтік шартты байланысы», - деп берген анықтамасы сөздің аса күрделі қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап берілген анықтама деп білеміз.
Олай дейтін себебіміз: тілдің негізгі қызметі адамдардың қатынас құралы болу екендігі анық. Сондықтан да тілдің белгілі бір адамзат қоғамына танылған сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымы да болуы керек. Бұлардың барлығы да дыбыстар арқылы өмір сүреді, сол себепті дүниедегі тілдердің барлығыда тіл дегенге ешкім дау айтпаса керек. Бірақ мағынасыз дыбыстардың жалаң сөздері қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізінде жүйелі дыбысталудың барлығыда сөз бола бермейтіндігі анық. Қатынас құралы болатын тілдің негізгі қызметі – адамдардың пікір алысуы. Бұл процесс сөз адамдарға тәуелді болмаған табиғи құбылыстар мен объективті дүниедегі түрлі жағдайлармен байланысты болады. Демек ғалымның (М.Оразов) сөзге берілген анықтамасы көңілге қонымды.
Жоғарыда аталған пікірлерден өз мақсатымызға ой қорытындысын шығаруға болады.
Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді мағына мен дыбыстар бірлігін үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз.Екінші сөзбен айтқанда, тіл не жаңа сөз үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жұмсайды, ертеден келе жатқан ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде үйренуші бала сөздің жеке фонемалық көтерілгенде ғана сөздің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, тағы басқаларына көңіл аударады.
«Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Тәрбиешінің мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.
Айналадағы заттар мен санамызға, ойлау мүшелерімізге өзінің бейнесін, сәулесін түсіріп, ұғымпайда етеді. Ұғым арқылы танылған зат пен құбылыстарға шартты түрде атау беріледі. Ол атау жеке сөз, сөз тіркестері арқылы жасалады. Сөз мағына арқылы ақиқатты бейнелейді. Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет