2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны. Ұлттық оқулықтарымыздың іргесін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, пен М.Дулатовтардың жазған оқулықтарынан бергі кезеңде қалыптасып келе жатқан үрдісті 1918 жылғы «Шағын ұлттардың мектептері туралы» қаулы бұзып жіберді. Таптық көзқарасты басшылыққа алған ұлтсыздық бағытындағы бір үлгідегі мектептерде орталықтан жіберген оқулықтар мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды.Әсіресе «халық жауларын» талқандау секілді әйгілі нәубет жылдары ұлтымыздың зиялылары жаппай қудалайға ұшырап, оқулық жазу ісі іркіліске ұшырады.
Жас ұрпақты тәрбилеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап-тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. 50-60-шы жылдарда алдыңғы орынға ана тілін оқыту әдістері мен оқу үрдісіне жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, жетілдіру міндеттері алға қойылды.
Бастауыш сыныпта әліппе, ана тілі оқулықтарына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту, байыту мақсатында пайдаланылған жоқ.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптағы ана тілінің бұрынғы оқулықтарында саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды.
Ал, бүгін жаңа бағдарламабойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптар мен зерттеу жұмыстары басталды. Мұндай оқытудың тиімді тұсы білім мен дағдыны жетілдіру үрдісімен байланысты сыныптағы орындалатын жұмыстарды жылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды.
Сонымен бірге төменгі сыныптарда қазақ тілі мен ана тілі, әліппе пәндерін оқытуда мәтін түрлерін саналы түсініп оқу арқылы есте сақтап, өз ой-пікірлері мен тұжырымы бойынша белгілі тақырыпқа сай ауызша-жазбаша сөйлеу икемділіктерін арттырып, ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болмақ.
Қазіргі мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібінде өткір қойылуда. Ал сөйлеу – ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының сөйлеу икемділіктерін дамытуда әліппені, қазақ тілі мен ана тілі пәнін оқытудың маңызы ерекше. Мәселенің өзектілігі соңғы онжылдықта көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда оқулықтар мазмұнына жаңа, күрделірек мазмұн беру арқылы олар таным қызметін кеңейту, ойын жетілдіру олардың сөйлеу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазақ тілінің жұмсалу аясына, тіл тазалығына қатысты қазақ тілі фонологиялық жүйесінің ерекшеліктерін сақтау, үндестік заңын бұзбау мақсатында оқушыларға өзге тілдерден енген сөздерді жаздырып, оқытуда белгілі бір жүйенің болиауына байланысты орфографиямыздағы келеңсіздіктерге статистикалық талдау жасалынып, мектеп оқулықтарындағы олардың үлесі анықталып, сөздердің дұрыс жазылуын реттеуді бастауыш сынып оқулықтарынан бастау туралы ұсыныс, пікірлер айтылған.
Мектеп оқушыларына ана тіліміздің лексика-грамматикалық жүйесін меңгерту үшін оқулықтардағы сһөздік қор мен оның құрамын анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастыру, сөздердің кездесу жиіліктеріне сәйкес тіл заңдылықтарын түсіндіру, мектеп оқулықтарының тілдік ерекшеліктерін анықтау секілді теориялық мәселелер де қамтылды.
Бұл жұмыстың басты мақсатының бірі – бастауыш сынып оқушыларының тілін байыту, оны дамытудың жолдарын қарастыру. Ол үшін мектеп оқулықтарының мәтіндеріне тілімізде жиі кездесетін және сирек қолданылатын танымдық маңызы бар, жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу қажет. Бұл мақсаттарды шешу үшін бастауыш сынып оқулықтарына лингвистикалық әдіспен зерттеу жүргізіп, ондағы сөздік қорды анықтап алу керек.
Сирек қолданыстағы сөздероқулық тілінің байлығын, болашақтағы бастауыш мектеп оқулықтарының сапасын жақсартуда лингвистикалық зерттеу нәтижелерін ескеріп, сирек қолданылатын жаңа мәнге ие, танымдық, мағыналық құндылығы жоғары сөздердің қамтылуы болашақта оқулық құрастыру барысында ескерілуі тиіс. Ал, бастауыш сынып оқулықтарының жиілік сөздігін алу нәтижесінде кейінгі жылдар оқулықтарында кездеспейтін сирек қолданыстағы , сөзжасамдық қабілеті өнімді, мағыналық құндылығы жоғары сөздерджің лексикалық минимумы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқулықтарын құрастыруда құнды материал бола алады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеу бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады да, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал, сөздік қоры мен ойлапу жүйесі нашар дамыған балалардың сөз байланыстары тек белгілі бір бағытта болады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Сондықтан да, мектепте лексика мен морфологияны үйретудің жүйелі тәсілхдеріне көшу, яғни баланың ақыл-ой қызметін активтендіру үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше жоғары сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар. Мұнда әрбір сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін де ескеруі қажет. Ол үшін әрбір сыныптағы сөздердің санын анықтап, тілдік материалдарды іріктеу, оқушылар тілінде жиі қолданылмайтын сөздердің минимумдарын әзірлеу керек. Бұл мақсаттардан бастауыш сынып оқулықтарын лингвистикалық әдіспен зерттеу міндеті туындайды.
Алынған сандық нтижелерді сапамен ұштастыру бағытында әрбір кезең аралығындағы балалар лексикасындағы ерекшеліктерді ескеріп, болашақта оқулықтарды құрастыруда әрбір кезеңге тән сирек қолданыстағы лексикалық тұлғаларды іріктеу,танымдық қызметі жоғары болғанымен, оқушылар тілінде белсенді қолданылмайтын сөздерді бастауыш сынып оқулықтарынан сұрыптау 50-жылдардағы тіл тарихына қатысты материалдарды қамтуымызға негіз болады.
Оқулық мәтіндерінің құрастырылуы мен нақты грамматикалық жағынан толықтығы ана тіліміздің грамматикасын оқытуды ұйымдастырумен бір деңгейде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар морфологиялық талдау бастауыш сынып оқулықтарындағы сөздердің парадигмалық арақатынасы фактілерін зерттеу және синтаксистік деңгейде зерттеуге қажет болатын сөздер мен олардың тіркестерін байланыстырушы грамматикалық көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылды. Осы бағытта алған статистикалық мәліметтеріміз бастауыш сынып оқулықтарының морфологиялық құрылымының кейбір заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары тілдік құбылыстарды сандық және сапалық жақтан анықтауда зерттеліп отырған материалдың белгілі бір ықтимал статистикалық заңдылықтарын ашуға мүмкіндік беретін лингвостатистикалық әдіс-тәсілдер қолданылуда (Қ.Бектаев, А.Жұбанов, Ә.Ахабаев, Қ.Молдабек т.б.). Бұл тәсілдерді әсіресе бастауыш сынып оқулықтары (БСО) тілінің лексикасы мен морфологиясына қолданып, ондағы сандық және сапалық ерекшеліктерді айқындау, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сөздердің қолданылымындағы кейбір тіл заңдылықтарын түсіндіру жалпы тіл білімінде ерекше маңызға ие болып отыр.
Соңғы жылдары «Атамұра» баспасынан шыққан БСО зерттеген М.Ермекбаев оқулықтарындағы сирек қолданылған сөздерді анықтап, олардың оқушылардың тіл байлығын арттырудағы маңызын ескеріп, оны дамыту жолдарын қарастырды.