1. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен құрамы



Дата18.02.2023
өлшемі20,36 Kb.
#69012
түріҚұрамы
Байланысты:
қазақ тілі гос


1. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен құрамы.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәденн тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 17 томдық «Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігіне» 120480 сөз енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десеңізші. Алайда сөздікке енген сөздердің бәрі осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мүмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Сол сияқты «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1974) бірінші томына ғана (А–Ә) 5310 сөз енген. Ал ол сөздік он том болып шықты. Кез келген қазақ осы сөздерді түгел біледі, таныс деп айту қиын. Сонда сөздік құрамындағы сөздерді, қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жиі қолданылатын) және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп, екі салаға бөлуге болады.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, әрі естіп жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне ғана тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексикалар жатады. Актив сөздер мен пассив сөздердің шекарасы қатып қалған дүние емес, жылжымалы өзгермелі деп түсіну қажет.
Сөздік құрамдағы сөздер түрлі принципке негізделіп, өзара әлденеше топқа бөлінеді:
1) Әдеби лексика мен диалектілік лексика сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай бөлінуі;
2) Жалпы халықтық лексика мен арнаулы лексика – әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінуі;
3) Бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер – тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бөлінісін көрсетеді. Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы сөздер түбірлеріне тән мынадай белгідері бар:
1. толық мағыналы, көп мәнді болады,
2. бір буынды болып келеді,
3. өзге түркі тілдеріндегі байырғы түбірлерімен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес, мәндес келеді. Мысалы: жел, кел, от, көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш, от, сан, сең, ор, өр, қаз, аш, күз, күн, көп, ат, жас, тас, қол, мол, кет, ет, ақ, бас, бар, бер, бел, көк, т.б.
Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйытқы болған, аз буынды көп мәнді жалпы халықтық сөздер негізгі сөздік қор болып есептеледі. Бұлардың сан мөлшері, көлемі сөздік құрамдағы сөздерден әлдеқайда (анағұрлым) кем болады.Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап шыққан, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор - баяғыдан келе жатқан өнімді сөздердің тобы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де көбейіп, байымас еді. Негізгі сөздік қор ұзақ өмір сүргендіктен және ең қажетті сөздер болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамға, барша ұрпаққа бірдей қызмет атқарады. Сонымен бірге бұлар тілдегі стильдік тармақтар мен әдебиет жанрының ешқайсын жатырқамайды, бәріне ортақ түрде жалпылама қолданыла береді. Демек, негізгі сөздік қордағы сөздер өзінің жасамалы тұрақты қасиетімен, жалпы халықтық ортақ қызметімен сипатталады. Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де белсенді әрекетімен көзге түседі. Қоғам өміріндегі болып жатқан түрлі жаңалықтар мен өзгерістер барлығы да тілге әсер етеді. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекеті мен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам адам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады.
2. Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллиграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек.

Көркем жазу 1 – ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып, келесі сыныптарда жалғасады, немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады. Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор. Ұқыпты, таза, әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық, тиянақтылық, еңбекқорлық кез – келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді.


Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс – тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.
Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.
Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.
Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.
Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы – диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:
1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді.
2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады.
4. Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге болады.
Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
5. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады.
6. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларына тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалаймеңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды.
1.Сөздің мағынасы. Табу, эфемизм, дисфемизм қолданысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет