Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді екенін дәлелдеу;
2. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жолдарына жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;
3. Бос уақытты ұйымдастырудың теориялық аспектісін анықтау
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
1.1 Сабақ уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық әлеуметтік жағдайының ерекшеліктеріне қарай – бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырайды. Еліміз тәуелсіздік алды. Соның арқасында халыққа білім саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда, ел Конститутциясынан бастау алған: «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептерден білім мазмұнының тұжырымдары» сияқты құжаттар дүниеге келді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесі күрделі әрі көп қырлы процесс. Оқыту және кластан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз байланысы осы процестің деңгейін көтеруде маңызды орындардың біріне ие болады.
Оқу тәрбие процесіндегі кластан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарлайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттары жүзеге асырушы осы кластан тыс жұмыстар. Кластан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі сан қилы әрі күрделі. Атап өтсек:
- Табиғат пен қоғам арасындағы баайланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалыптасады.
- Теориялық білімдерін өмір көріністері мен ұштастыруына себепші бола алады.
- Оқушылардың мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттырады.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушылардың бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық дамытуға жұмылдырады.
- Пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың сабақта алған білімдерін кеңейтіп тереңірек дамытуды география пән мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарға өте көп көңіл бөледі. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстардың дәстүрлі және дәстүрсіз формаларын қалыптастырып, олардың мүмкіндіктерін одан әрі дамыту.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың адамгершілік мінез құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында құндылық пен нәтиже білім сапасын көтерудің көкейтесті мәселесіне айналуда. Географиялық білімді жетілдірудің бірден-бір жолы сабақта берілген сапалы білім мен тәрбие және оның нәтижелері екені даусыз. Оқушылардың рухани санасын көтеруде қазақ зиялыларымен қатар әлемдік ойшылдың қалдырған ұлағатты ойларын да пайдалану керек. Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан – жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс, тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтыруын қамтамасыз етеді. Біз өмірімізде бос уақыттың рөлін айырықша танимыз. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі. Ғылыми – техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан – жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Теледидар көрсетілуінің молдығы мен бейнелеу сапасының жақсаруы, тұрғындардың демографиялық құрамының өзгеруі, яғни жасы ұлғайған адамдар мен зейнеткерлердің көбейуі, келешекте мәдени – ағарту және ойын – сауық мекемелерінің басты бәсекелесі теледидар болуы ғажап емес. Сондықтан адамдар рухани өмірдің жай тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болуы үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. Осыған орай, мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа, тұтынушылыққа, маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс – шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени – ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.
Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.т) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттардың басқа түрлерінен айырмашылығы – мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.
Сабақтан тыс уақытты қалай ұйымдастыруы керектігі озық ойлы адамдарды ертеден – ақ толғандырған. Босқа өткен уақыт ішінде адам қандай жұмыстарды атқара алар еді. Осы тұрғыдан біздің қоғамымызда бос уақыттың зая кетуін болдырмау шаралары қандай нәтиже беретінін анықтауды қажет етеді. Бұл – өмірдің барлық жақтарын түгел қамтитын зор міндет.
ХХ ғасырдың екінші жартысында техникалық прогресс жедел қарқынмен дамыды. Өмір сүріп отырған дәуірімізде информацияның берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтылған адам болып есептелінеді.
Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, кейбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.
Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып – білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.
Ал қазіргі уақытта ата – аналардың балалармен қарым – қатынасы басқаша. Жастар еңбекке бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады және олар ата – аналарымен үнемі бірге бола бермейді. Жасөспірімдердің дене бітімінің жетілуі тез өсуде, яғни акселерация құбылысы, сондай – ақ кейбір ата –аналар мен балаларының білім деңгейінің арасындағы айырмашылықтар қосымша қиындықтар тудырып отыр. Сондықтан барлық ата – аналардың педагогикалық және психологиялық білімге ден қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіруі айрықша маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде ата – аналардың арнайы оқу жүйесін, бәлкім мектептерде педагогикалық кеңестер ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған жұмсалған күш зая кетпесе керек. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген жастарды толғандыруда. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның қажеттілік сипатына және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам бос уақытында тау аралап, сырғанақ тебуге де, фильм немесе спектакль көруге де немесе өзі ұнататын тақырыпта реферат жазуға да не қызықты ғылыми, әдеби – көркем кітап оқуға да үлгереді.
Бос уақыттың пайдаланылуы көп ретте жеке адамның өндірістегі іс – қызметі мен ол жүзеге асыруға атсалысатын мәселелерге тәуелді және белгілі бір коллективтің сол адамға деген талап – тілегімен айқындалады. Бос уақыттағы әрбір іс – әрекет, қимыл (мақсатсыз демалыстан басқасы) осы екі міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу, дене шынықтырумен шұғылдану – тынығумен қатар, жеке адамның эстетикалық тәрбиесіне де игі әсерін тигізеді. Бос уақытта қандай тиімді жұмыспен айналасуға болады? Мұнда ең алдымен қоғамға пайдалы шығармашылық іспен шұғылдануға, материалдық және рухани байлықтарды(техникалық шығармашылық, өзіндік білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыстармен, балаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналарды(кітап, газет – журналдар, театр, кино, телевизиялық хабарлар, т.т) пайдалануға болады. Адамның өзін – өзі толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін, ептілігін ұштауы, адамгершілік қасиеттерін жан – жақты қалыптастыруы, эстетикалық жағынан дамуы үшін адамға, қоғамға пайдалы қызмет етудің тигізетін ықпалы зор. Бос уақытты демалыстың кең тараған түрлерімен – туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін биіктете түседі.
Бос уақытта адам бойындағы көркемдік бастаманы көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай түсуге болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы ақпарат пен насихат құралдары көмегі арқасында қанағаттандырылуда.
Дене тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты мәнді өткізудің бірден – бір тиімді жолы. Өйткені адамның жан – жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше.
Бос уақытты тиімді пайдалану әр оқушының қалауынша жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені бұл әлеуметтік мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |