Кірпікшелі құрттар



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#115737
1   2   3   4

Нерв жүйесі

  • Нерв жүйесі
  • Эволюция процесінің барысында орталық нерв жүйесі күшейе түседі. Денесінің алдыңғы бөлімінде нерв клеткалары шоғырланып ми ганглиясын құрайды. Нерв жүйесі екі бүйір тізбегінен және оларды қосып, денені өзара колденең торлап жататын коммисуралардан немесе сабақшаларымен жалғасып жатады. Эмбрионның алғашқы дамуы сатысында нерв орталығы, үрықтың сыртқы қабаты эктодерма пайда болады. Эволюцияның дамуында сыртқы ортаның әсерінен жарақаттанбас үшін, организмнің басқа бөліктерімен дүрыс байланыста болу үшін, нерв орталығы дененің ішіне қарай орналасқан.

Сезім мүшелері

  • Сезім мүшелері
  • Кірпікшелі қүрттар өз бетімен қозғалып тіршілік еткендіктен, оларда сезім мүшелері жақсы дамыған. Көпшілігінде бір немесе бірнеше жүп көздері болады. Олар көру клеткаларымен пигмент бокалдарынан тұрады. Кеңістікті бағдарлайтын және денені бір қалыітга тепе-теңдікте ұстайтын статоцисталары болады. Кейбір құрттардың басындағы құлақшалары химиялық сезу мұшелерінің қызметін атқарады.

Ас қорыту жүйесі

  • Ас қорыту жүйесі
  • Ас қорыту жүйесі құрсақта орналасқан ауыз тесігінен басталады. Оған жұтқыншақ жалғасады, ол ортаңғы ішекпен тұйық бітеді. Біраз тобында жүтқыншақ және ішектер тіпті болмайды. Сөйтіп ауыз арқылы тамақ кіріп, ауыз арқылы қалдық заттары сыртқа шығарылады. Кірпікшелі қүрттар жыртқыштар. Олар судағы әр түрлі ұсақ организмдермен, ұсақ шаяндармен қоректенеді.
  • Ішектері болмайтын құрттарда ас қорытқыш клеткалары паренхимада болады. И.И.Мечников (1865) кірпікшелі құрттардың ішегі жоқ бір түрінде тамақтың клеткада қорытылатынын ашып және оны сипатгап жазды. Ол кірпікшелі құрттардың түрлі үсақ организимдерді үстап паренхимада қорытылғанын бақылаған. Кейінірек И.И.Мечников ондай қүбылысты кірпікшелі қүрттардың басқа түрлерінен, губкалардан, ішекқуыстылардан, тікентерілілерден және тағы басқа жануарлардан байқаған. Көп жылдық жүмыстарының нәтижесінде клеткада ас қорытылатын қүбылыстардың жануарлар дүниесінде кең таралғандығын анықтады. Бактерияларды, басқа микроорганизмдерді үстап алу қабілеті бар клеткаларды фагоцитоздар деп атады (ол гректін рһа§о - жалмау, жұтамын деген сөзі). Оның медицинада, ветеринарияда маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет