Кіші «Балапан» тобының 2018 2019 оқу жылының маусым айының перспективтік жоспары



бет3/9
Дата28.03.2023
өлшемі105,5 Kb.
#76730
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Көркем әдебиет
Тақпақ оқу: « Жау жаңбыр» Ж. Смақов
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, жаңбылы күндер болатындығын айту. Тақпақтың мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету. Мәнерлеп айтуға баулу. Ана тілін құрметтеуге үйрету.



Сурет салу
Тақырыбы: «Қызғалдақ»
Мақсаты: Қағаз бетінде алақан арқылы қызғалдақ гүлдің суретін сала білуге үйрету. Алақанды пайдалана отырып сурет сала білуге баулу. Қиялдай білуге үйрету.
Музыка
Тақырыбы:«Біздің оркестр»
Пьесаның көңілді әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

ІV апта

Дене шынықтыру

  1. Допты кеуде түсында ұстап лақтыру.

Допты екі қолмен кеуде тұсының деңгейінде ұстап, еденнен екі айяқпен итеріле отырып, алдыға қарай екі қолын созып, допты лақтыруды қалыптастыру.

  1. Ұзындыққа секіру.

Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»
Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеп беруге баулу. Бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.



Мүсіндеу
Тақырыбы:«Қонжыққа арналған жидектер»
Мақсаты: Мүсіндеуге байланысты ермексазды бөліктерге бөлу, алақанға салып мыжу, шиыршықтау, шелпек, домалақ жасау қарапайым тәсілдерін үйрету арқылы жидектер жасату. Өз еңбектерін бағалай білуге баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет