Кіші жастағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің психологиялық-педагогикалық себептерін және оларды жеңу жолдарын зерттеу



бет6/8
Дата24.06.2023
өлшемі163,5 Kb.
#103316
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жумадиллаева

2.2. Оқыту процесінде оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігі бар оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер


Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы - жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік - шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.
Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі - оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл - бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне де, жанұяға да, мектепке де көптеген реніш әкеледі.
Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек. Бірінші сынып балаларында оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді.
Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашкы қадамдары.
Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып, қысылады. Сөйтіп келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады.
Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек қана “4” пен “5” алуы тиісті деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып, “2” немесе “3” бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қьлықтарға үйренеді.
Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы “2” алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттаған дұрыс емес. Бүл бағалау баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті “2” мен “3” деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады.
Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап қоятын сөре, оқу кұралы, қалам, қара және түсті қарындаш, сызғыш, өшіргіш т.б. құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.
Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана, “сабағыңды үстелдің үстінен алып кет басқа жерге, не қоя тұр” деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана телевизор көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен телевизор көріп үйықтайды. Ертеңгі күні, әрине сабақ дайындамаған бала “2” деген баға алып келеді. Сөйтіп сабақ оқуына жағдай
жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.
Мәселен, “Ана тілінен балалар бірініші сыныпты бітірер кезде әрбір сөзді дұрыс, мәнерлеп оқи білулері керек. Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде калыптасады. Әрине, бұл жөнінде де ата-ана тарапынан бақылау болуы керек. Бірақ, “осыны оқымай, орныңнан тұрмайсың” деуге болмайды. Кітапты оқып көп отыра беру баланы
жалықтырып жібереді. Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн. Осылайша күнде оқуы керек. Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағалап отырса, баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі. Тез оқуға дағдыландыру үшін мыналарды басшылыққа алған жөн.

  1. Оқу жылдамдығы: 1-сынып 1 минутта - 20-40 сөз,

2 - сынып 1 минутта - 50-60 сөз,
3-сынып 1 минутта - 70-80 сөз.

4-сынып 1 минутта – 90-110 сөз
1.Тез оқуға жаттығуды жаңа тақырыптармен жүргізу керек.
Оқудан бұрын тез дем алып, ақырын дем шығаратын жаттығу жасату
керек.


  1. Оқығанда жеке әріптерді емес, буындап сөздерді тұтас оқып-үйренуі
    керек.


1. Жаңадан берілген жазбаша жұмыс түрлерін орындауда бұрынғы
жазғандарында жіберілген қателерімен жұмыс істеуден бастауы керек.


  1. Егер жазбаша жұмысы белгілі бір ережеге сай орындалуы шарт болса, ол
    ережені оқулықтан окып, жаттап алуы керек.


  2. Жазбаша жұмыста баланың жазғанын, оның әр бөлігін жіті тексеріп
    отырған жөн.


  3. Байқалған қателерді тиянақты түрде түзету керек.

Әр ата-ана жазбаша жұмыстарды бақылауы үшін баланың сөз жазу жылдамдығын білуге тиісті.
Егер бала баяу жазатын болса, кез келген қысқа әңгімені белгілі бір уақыт ішінде жаздыртып, жатқа білетін өлең шумағын жаздырып үйретуі керек. Көбірек ермексаздан жұмыс жасатқан жөн. Ол баланың саусақтарының бұлшық еттерін дамытып, жазуға икемділігін арттырады.
Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап, тексеріп отыру
нәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілігі, дағдысы
қалыптасады.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету - олардың сабақ үстіндегі
белсенділігін арттырады.
Өз бетінше жүмыс істеуге дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Бастауыш сыныптарда оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысын барлық сабақтарда іске асыруға болады. Бұл орайда оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілеті ескерілуі шарт.
Қабілетті оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолдармен орындауды бірден біледі. Кейде оқушылардан берілген тапсырманы тезірек орындау талап етіледі. Мұндайда қабілеті төмен балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Өздігінен жұмыс істеуге оқушылар бірте-бірте дағдылануы керек. Олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады.
Себебі ана тілі сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені саналы түсінуге дағдыланады. Бұл жұмыстар түсіндіру, бекіту, білім тексеру мақсатында жүзеге асады.
Ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс кезінде сауалнама ұйымдастырамын. Өлеңнен не әңгімеден үзінді оқып, оның қай өлең немесе әңгімеден екенін, авторын сұраймын. Кейде автордың суретін көрсетемін де, “Бұл кім? Оның қандай әңгімесін оқыдың?” деп балалардың ойлануына жағдай жасаймын. Ал оқыған өлеңдегі немесе әңгімедегі кейіпкердің суретін салып, оның қайдан екенін, тақырыбын табу, мазмұнын еске түсіру де - өз бетінше жұмыс істеудің бір түрі. Осы орайда оқыған әңгімелері, ертегілері бойынша инсценировка даярлаудың маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет