Тақырыбы: Кіші жастағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің психологиялық-педагогикалық себептерін және оларды жеңу жолдарын зерттеу
Шымкент-2023
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ……....3 І І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ СӘТСІЗДІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1.1Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары...................................................................................................
1.2Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің педагогикалық талдаулары мен себептері.....................................................................................
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ СӘТСІЗДІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері ……………………….............................................................................................
2.2. Оқыту процесінде оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігі бар оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер….........................................................................................
Қорытынды ………...........
Пайдаланылған әдебиеттер ………...........
Қосымша ………........... КІРІСПЕ
Көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны) іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.