Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өз бетімен оқыту мазмұНЫ


Тіл дамытудағы ойынның ролі



бет17/23
Дата07.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#19595
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту

Тіл дамытудағы ойынның ролі

Ойын арқылы да оқушылардың тілін дамытуға болады. Тіл дамытуда ойынның алар орны ерекше. Ойын балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігімен шығармашылдық және имандылық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Мұның бала тәрбиесімен айналысып жүргендердің барлығының естерінде болуы керектігін көптеген ғалым-педагогтар, әдіскер ұстаздар өз еңбектерінде талайретатап көрсеткен болатын. Қараңыз (Көбеев, Алтынсарин, Сухомлинский, Амонашвили т.б.)

Бастауыш мұғалімдері оқыту процесінде оқушылардың өз беттерінше орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтырып, әр-түрлі ойындарды пайдалану арқылы тартымды элементтерді енгізудің қаншалықты тиімді екенін біледі. Дегенмен, ойындардың тиімділігі мұғалімнің оларды сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауына, онеы пайдаланудың теориясы мен тәжірибесін жетік игеруіне, шеберлік танытуына, қажетті материалдардың жиынтығын күні бұрын дайындап алуына , оқушыларды сабаққа қатыстыруына байланысты екендігі үнемі есте болған абзал.

Дидактикалық ойындардың шартын орындау процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді. Кейбір ойындарды оқушылардың орындау іс-әрекеті басым болады, себебеі олар мұғалімнің нұсқауын басшылыққа ала отырып әрекет етеді.

Шығармашылдық, сюжетті-рольдік, тұрмыстық, спорттық қимылды сөздік ойындардың ішінен қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Алайда, ойынның қайсысын болмасын, әр оқушының белгілі бір деңгейде қатысуына ерекше көңіл бөлу керек. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай да ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мол жолдары да жан- жақты ойластырылуы қажет. Сонымен бірге, ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, оларды сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп отыруды да ескеру керек.

Ойынды сабақ процесіне енгізе отырып, мұғалім “ойна, бірақ ойла” деген халқытық қағиданы үнемі есте сақтауға тиіс. Мұндай ойындарда мынадай қасиеттер: мазмұнының тәрбиелік-тианымдық құндылығы; ойын барысының дұрйс түсіндірілуі; таңдалып алынған ойын түрінің оқушыларға үйретері молдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл-күйлері ескеріледі. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жжеке басына, сезіәміне, ерік-жігеріне, мінгез-құлқына ықпал жасайды және олардың қазақы үрдісте қалыптасуына көп әсер етеді. Ойынды негізінен, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ой, адамгершілігін, имандылығын арттыру мақсаттары үшін пайдаланады.

Ойын үстінде қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Баланың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге, пікірін жатық та анық, дәл бере білуге көмектесуі керек. Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймай, олардың өзінше белсенді танымдық іс-әрекет формасы да болып табылады. Мысалы, “Кім қандай мамандықты қалайды?” ойынын алайық. Сиқырлы қалтаның ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте суреттер салынады. Тақтаға шығарылған оқушы бірнеше суреттің ішінен өзіне ұнайтын мамандықты бейнеленген суретті таңдап алады.Қалтада ұшқыштың, жүргізушінуң, шахтердің, шопанның, дәрігердің, мұғалімнің, шаштараздың, азпаздың т.б. суреттері бар. Ойынға қатысушы оқушылар “Бұл кім? Не істейді?” – деген сұраққа жауап береді. Ойын жарыс түрінде өткізіледі. Соңында мамандық туралы тақпақтар оқылады.

Ойынның мақсаты: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке баулу. Мамандықтың бәрі жақсы, оқу, білім алу еңбекпен келеді, еңбекті сүй деген ұғымды меңгерту.

Тағы бір ойын түрі “Сөйлем ойла” деп аталады. Бұл ойынға арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Себебі бұны барлық бастауыш сыныпта өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, жүйелі, мәнерлі сөйлей білуге дағдыландыру, яғни сөз таңдап, орынды қолдану, ойды дәл жеткізуге жаттықтыру.

Ойын ережесін мұғалім былай түсіндіреді. “Мен бір сөз айтып, қасымдағы балаға доп беремін”. Ол бала мен айтқан сөзді қосып бір сөйлем айтуы керек. Мысалы: “қызыл” деген сын есім оқулықта жиі кездеседі.Сол сөзді айтамын. Ол “Апам қызыл көйлек сатып әкелді”,– дейді де “көйлек” деп допты өз көршісіне береді. Көршісі: – Қызыл көйлек маған ұнады, - дейді де, кез келген бір сөз айтып, допты көршісіне ұсынады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен өткізіледі де, балалар ойын шартын дұрыс түсініп, ойнауға жаттыққан соң ойынды әрі қарай өз беттерімен жүргізеді.

Сюжетті ойындар: “Қай ертегі қонақта?” ойыны. Ойын бастауыш сыныптардың “Ана тілі” сабағында жүргізіледі.

Ойын тәртібі: Қатысушы оқушыларға ертегі кейіпкерлеріне жасалған сурет не ойыншықтар үлестіріп беріледі.

Мақсаты: “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен түлкі”, “Балықшы мен балық”, “Аңқау арыстан”, “Қызыл телпек” және т.б. ертегілердің суреттерін балаларға үйлестіріп беріп, қай ертегінің кейіпкері екенін тапқызу, әр кейіпкердің іс-әрекеті жөнінде үзінділер, әңгімелер айтқызу.

Қай оқушы өзіне тиісті кейіпкерді іс-әрекетіне қарай дұрыс сипаттап, жүйелі әңгімелесе,сол оқушы жеңген болып есептеледі.

Тағы бір ойынның түрі – грамматикалық ойындар. Грамматикалық ойындар арқылы бастауыш сыныптардағы “Қазақ тілі” сабағының қайсысына болса да аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Осы ойын элементтерін сабақта орынды пайдалану 1-4 сынып оқушыларының материалды терең де жан-жақты игеруіне көп себін тигізеді.

“Қазақ тілі” сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа сабақты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде 2-5 минуттың көлемінде жүргізіледі. Алғашқы кезде ойынды мұғалім өзі өткізеді. Кейін оқушылар ойынға жаттыққан соң ойынды өздері жүргізетін болады. Грамматикалық ойынға қажетті кесте, тілше, суреттерді қол еңбегі, бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың өздеріне жасатқан жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет