Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін
жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының
түрлері
Ал оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жөнінде мұны айту қиын. Ол оқушының өздігінше істейтін жұмысы, оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету деген сияқты сан құбылтып айтылып та, жазылып та жүр. Мұның бәрін сөз болып отырған жұмыс түрінің мәніне, өзіндік ерекшелігіне мән бермеуден, оны сырттай жалпылама түсінуден туған жағдай деуге болады.
Ал атау, әрине, өзі атағалы отырған нәрсенің мазмұнына, ерекшелігне , анықтамасына сәйкес болу керек. Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары дегенімізарнайы бөлінген уақыт ішнде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өздігінен істейтін жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой күш- жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. Олай болса, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары, өздіктерінен орындайтын жұмыстары т.б. деп түрліше құбылтып қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан анықтамаға сәйкес көбірек келетін бір ғана атауды таңдап алып орнықтыру керек.
Енді қолданылып жүрген балама сөздерді саралап көрейік. Мысалы, “оқушылардың өздері істейтін жұмыс” дегенді алайық. Бұл атаудан жұмыстардың түрлері де, сипаты да, оған оқушылардың қатысы да айқын танылмайды. Ал “өз бетімен істейтін жұмыс” десек, онда бұл жұмыс түріне ешкімнің басшылығынсыз, тапсыруынсыз оқушылардың ойларына келген, кез келген уақыттағы өз еркімен істеген жұмыстарының барлығы жатады екен деген ұғым тууы мүмкін . Бұл, әрине, бір жақты түсінік. Сондай-ақ өздіктерінен орындайтын жұмыстар дегшенді алсақ, онда өздігінен шешуге оқушының алдына міндет қойылатыны және оны шешу үшін оқушы саналы түрде өзінің ақыл-ойын жұмсап, қимыл-әрекет жасайтыны ескерілмей қалуы ықтимал.
Сондықтан оқушыларға өздігінен жұмыс істеу әдісінің анықтамасы мен шарты ескере отырып, оны оқыту пройцесіндегі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары деп атаған жөн деп білеміз.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары
педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты ұйымдастыру формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады.
Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың
оқыту процесіндегі өздігінен істейтін жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның төрт типін анықтайды. Бұл типтер жоғары кластарда қазақ әдебиеті пәнін оқыту методикасына ьтолық жауап береді. Олар:
Бірінші, үлгі бойынша өздігінен істейтін жұмыстар . Бұл жұмыстар – мазмұны әр-түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырлатын жаттығулар.
Екінші, өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интелектілік жұмыстар.
Үшінші, өздігінен істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады. Проблемалық мазмұнды болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
Төртінші, өздігінен істейтін творчестволық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өздігінен жұмыс істеудің ең жоғары сатысы болып табылады.
Бұл аталған өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, творчестволық жұмыстар деп топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |