Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өз бетімен оқыту мазмұНЫ


Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары



бет7/23
Дата07.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#19595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.


    1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары.


Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор.

Оқыту процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын қалыптасрыуда бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар береді.

Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз қарап, оны дауыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы дұрыс, анық , дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Екінші , үшінші сыныпта оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен,оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанырларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн.

Көркемшығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.

Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.

Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:


  1. Бастауыш снып оқушыларыныңоқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа , оны оқуға деген ынтасын арттыратындай, бір тмәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.

  2. Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қлдану қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет