Кітап кітап бумасынан және мұқабадан тұрады. Мұқаба қатты және жұмсақ болып екі түрге бөлінеді. Қатты мұқабаның жасалу жолы күрделі болады



бет4/6
Дата27.09.2024
өлшемі217 Kb.
#145944
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап аппараты

Мәтіндік элементтер. Кітап бумасының ішкі элементіне жататын мәтіндік элементтерге - эпиграф, арнау, негізгі мәтін, тақырыптар, абзацтар, ажыратпалар, цитаталар, құжаттық мәтіндер, сілтемелер, жүгіністер, көрсеткіштер, суреттік көркемдеу, безендіру материалдары, кестелермен қатар аңдатпа, реферат, индекс, авторлық синопсис, резюме де жатады. Соңғы бесеуін автор емес редакциялық ұжым жасайды. Көмекші қосымша материалдар - түрлі көрсеткіштер, библиографиялық мәтіндер, мазмұн, шығару мәліметтері.
Шығару мәліметтері мынадай негізгі екі топқа бөлінеді:

  1. Жалпы библиографиялық шығару мәліметтері;

  2. Баспалық тіркеп шығару мәліметтері.

Кiтаптағы басты беттердiң бiрi - кiтаптың негізгі мәтіні басталатын ең бірінші бетi (спуск полос). Бұл бет ең бірінші терілген жолдан емес, төменірек орта жолдан - кiтаптың толық бетiнiң үштен бiр бөлiгiнен төмен түсiрiлiп басталып, терілген беттің үштен екі бөлігін ғана алуы мүмкін. Толық терілген бет - бiр кiтаптың толық бiр бетiн алып жатады. Бөлімнің немесе тақырыптың ең бірінші терілген беті, яғни, мәтiннiң бiрiншi жолы басталғанға дейінгі үстіңгі жағында ашық жерлер қалдырылып төмен түсіріліп терілген бет ең бірінші бет (спуск полос) деп аталады. Орыс тілінде осы терминмен (спуск полос) - терілген беттерді ретімен орналастыруды да атайды. Кітаптың әр бөліміндегі төменірек түсіріліп терілген бірінші беті де (спуск полос), шмуцтитул сияқты жаңа бөлiмнiң немесе жаңа шығарманың басталуын көрсетiп, кiтаптың құрылымын ерекшелеп көрсетедi. Кітаптың жеке тарауларының алғашқы беттерінің жоғарғы жағынан қалдырылатын ашық жер әдетте сол беттің төрттен біріне жуық болады. Кейде бұл орынға аралық материал салынбайды, оның орнына түрлі бас таңбалар, клишелер, ою-өрнектер қойылады. Әрбiр шмуцтитулдың, әрбiр төмен түсіріліп терілген беттiң өз аяқталу бетi бар (әрi қарай жаңа шмуцтитул мен жаңа төменірек түсіріліп терілген беті басталады). Кейбір кiтаптарда барлық мәтiннiң бастапқы бетi, мысалы, негiзгi бөлiм басталған бетi ғана төмен түсіріліп теріледі де, ал кiтап iшiндегi барлық бөлiмшелер мен шығармалар бiр-бiрiмен ашық жолдар арқылы бөлiнбей, өз кезектерiмен қатарласып кете бередi (вподверстку). Мұндай беттеуде басқа бөлімдердегі бірінші мәтін жолдары төмен түсірілмей, бірқалыпты қатарласып орналастырылады. Кітаптың әр бөліміндегі төмен түсіріліп терілген бірінші беті ескеріліп, беттелген кiтаптарда әрбiр бөлім басталған сайын, ашық жерлер қалып қояды. Бұл жағдайларда басылымның бөлімдері көп болған сайын, кітаптың пішімі мен таралымы үлкен болған сайын шығын көбейе түседi. Бiрақ, әр бөлімдегі бірінші бет төмен түсірілмей беттелген кiтаптарда, оқырмандардың бағдарлануы күрделеніп, мәтiндi қабылдауы қиындай түседi. Осылайша терілген беттеу әдістерін тек шығын көп болған жағдайда немесе өлең жинақтары мен әңгiмелер жинақтарында қолданған дұрыс. 
Кiтаптағы негiзгi бет - қатардағы мәтін терілген бет. Кiтаптың әр бетiндегi мәтiн жолдарының саны шамамен бiрдей болады (тек суреттi немесе кестенiң мәтiндерiн қоспағанда). Кiтап ішіндегi материалдар - тұтас мәтiндi, тұтас бейнелi және мәтін-сурет аралас болып бөлiнедi. Кiтап мәтіндері соңғы бетпен аяқталады. Бұл - шығу деректерi жазылатын беттің алдындағы немесе шығу деректерi басылған беттер. Кітаптың соңғы бетінен кейін шығу деректерi басылады. Мұнда авторлардың, құрастырушылардың, кiтапты дайындап шығаруға жауапты баспа қызметкерлерiнің аты-жөндері және осы басылымның шығу деректері - техникалық көрсеткіштері, баспахана атауы мен баспахананың мекен-жайы сияқты басқа да қажетті мәлiметтер беріледі. Кейде бұл мәлiметтер екi бетке бөлiнiп жазылады да, екеуi де соңғы бет болып саналады. Ал жарнамалық беттер болса, олар өз бетiнше бөлек бет болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет