Кітап кітап бумасынан және мұқабадан тұрады. Мұқаба қатты және жұмсақ болып екі түрге бөлінеді. Қатты мұқабаның жасалу жолы күрделі болады



бет2/6
Дата27.09.2024
өлшемі217 Kb.
#145944
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап аппараты

Титулдар
Титул - латынша titulis - мұқабадан кейінгі негізгі бет. Оның басылымда атқаратын басты қызметі - шығарманың мазмұнын, кімге арналғанын, кімнің ұсынысымен шығарылып отырғанын қысқа ғана және мейлінше дәл көрсететін тұжырымды түсіндірме беру. Титулдар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: авантитул, контртитул, фронтиспис, шмуцтитул, колонтитул. Әдетте титулдың өзінде мынадай ішкі бес элементтің болуы шарт:

  1. Автордың аты мен тегі бас әріптермен;

  2. Басылымның толық аты;

  3. Баспаның толық аты;

  4. Басылымның шыққан қаласы (орны);

  5. Басылып шыққан жылы.

Титулдық бет - бiр парақты (екi беттен, парақтың оң және терiс бетiнен) немесе екi парақты (кiтап ашқандағы алғашқы төрт беттен) болуы мүмкін. Көлемді шығармаларда - оқулықтарда, академиялық басылымдарда, энциклопедияларда, көп томдық туындыларда титулдың күрделі, толық түрі беріледі. Толық титул іштей көп элементті болып келеді.
Мысалы, 

  • басылым сериясы;

  • басылымды шығаруға ұсынған мекеменің, ұйымның толық аты;

  • жеке автордың, құрастырушының немесе авторлар ұжымының толық фамилиялары, әкелері мен өз аттарының бас әріптері (авторлар ұжымы тым көп болған жағдайда басылымның аты ғана. Ондайда авторлар кіріспе сөзде аталып, қай тарауды қайсысы жазғандары, атақтары көрсетіледі);

  • көп томдық басылымдардың бірінші томында шығарманың негізгі толық тақырыбы көрсетіледі;

  • томның, бөлімнің, нешінші басылып шығуының рет нөмірі. Томның рет нөмірі рим цифрымен, бөлімдері араб цифрымен, не сөзбен жазылады;

  • кімнің редакциясымен, редакциялауымен шыққандығы;

  • баспаның аты, басылып шыққан орны мен жылы

Әдетте мұқабадағы жазулар қалың қаріппен, титулдағы ашық қаріппен теріледі. Мұның өзі мұқабаның дәрежесі титулдан жоғары екенін білдіреді. Мұқаба мен титулдың тақырыптық аттары бір-біріне толық сәйкес келуін қатты қадағалау керек. Кiтаптың басқа да ерекше белгіленетін беттері болады. Олардың бiрi - кiтаптың iшкi беттерiндегi басқа тарауды, бөлімді немесе басқа тақырыпты айырықшалап көрсетуге арналған, сол бөлімнің немесе тақырыптың ең бiрiншi беті - шмуцтитул (немісше schmutztitel) деп аталады. Шмуцтитул тақырыптан немесе мәтін мен суреттерден тұратын бет. Олар түрлі-түсті айшықты да болуы мүмкін. Шмуцтитул кейде басылымның бөлігінің, бөлімінің, тарауының аттары теріліп берілген болып та келеді. Ал, кейде онымен туындының дербес бөлігі, бөлімі жазған автордың аты-жөні ғана бейнеленеді. Кітаптың бәрінде шмуцтитулдың болуы шарт емес. Әлбетте басылымның ішкі беттерінің безендірілу сапасын жақсарту, көркейте түсу үшін оған көз тартарлық графикалық элементтер беріп отыру орынды. Шмуцтитул кiтап бетiнiң оң жағындағы тақ санды бетінде орналастырылады. Шмуцтитулда шығарманың немесе бөлiмнiң тақырыбы, кейде тақырыпқа сәйкестіріліп салынған сурет немесе эпиграф, кейде тақырыпшалардың тiзiмi жазылады. Шмуцтитулдың керi бетi не таза болады немесе шығарманың немесе бөлiмшенiң мәтiнiмен толтырылады. Шмуцтитулдық беттер шығармалар мен бөлiмшелердi бiр-бiрiнен алшақтатып, оларды iздеп табуды жеңiлдетедi. Суретшiлер шмуцтитулды пайдаланып, шығармаға немесе бөлiмшеге сәйкес келетiн бейнесуреттердi шмуцтитулдың оң жақ немесе керi жақ бетiне орналастырып кiтаптың көркемдiк безендiрiлуiн арттырады. Ал егер шмуцтитулды тұтастай бояп қойса (плашкамен), кiтап iшiндегi жаңа шығарманы немесе басқа бөлiмдi тез тауып, ашуға қолайлы болады. Соңғы кездері балаларға арналған энциклопедиялық немесе анықтамалық басылымдарда осы тәсіл кеңінен қолданылып жүр. Орташа немесе кiшi пішімді, таралымы аз, iрi бөлiмдерден тұратын кiтаптардағы шмуцтитулдық беттер әрi маңызды, әрi ыңғайлы болады. Бірақ кiтап iшiнде неғұрлым шығармалар мен бөлiмдер көп болса, солғұрлым шмуцтитулды қолдану экономикалық жағынан тиiмсiз келеді. Себебі, макет дайындау барысында шмуцтитул орналасатын тақ санды беттің бос болуын қамтамасыз ету лазым. Ал, егер тапсырыс бойынша, кiтапты шмуцтитулдық беттермен шығару керек болған жағдайда, мынадай кедергi-қиыншылықтар болуы мүмкiн: мысалы, шмуцтитул әрқашан тақ санды және оң жақта орналасатындықтан шмуцтитулдың алдындағы бет не жартылай толып, не тiптi ашық болып қалуы мүмкiн. Мұны кейбiр теру, беттеу, корректуралық түзету әдiстерiмен түзетуге болады. Осындай жағдайлармен, басылымды дайындау процесi кiшiгiрiм күрделенiп, бiраз уақытты алады және басылымды басуға кететін қағаздың да шығынын арттырады.Баспа қызметкерлерi осыны еске ұстауы керек. Басылымды тартымды етіп көрсететін, титулмен жапсарлас, оның оң жақ бетіне қарама-қарсы орналастырылатын бір элемент фронтиспис (французша frontispiece, латынша - frontis). Оның сол шығарманың авторының қолдан салынған суреті, портреті, не фотосуреті болуы да мүмкін. Ескеретін жайт, контртитул берілген басылымда фронтисписке орын жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет