Кітапханада Сәлеметсіз бе, кітап алайын деп едім


Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы



бет3/3
Дата04.08.2023
өлшемі17,83 Kb.
#105035
1   2   3
Байланысты:
Сұхбаттар

Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы
Мұражай 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы Тарихи-өлкетану деп өзгертілді. Мұражай 16 залдан тұрады. Онда 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бар. Мұражайдың кіреберісіндегі үлкен залда Қарағанды облысының физикалықгеографиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы, халқы, жөнінде мәліметтер берілген. «Кіріспе» залының экспозициясында мұражай қонақтары мен көрермендері тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы қабылдаған негізгі заңдармен,
қаулылармен таныса алады. Жаңа «Сақ мәдениеті» залы – мұражайдағы ерекше залдардың бірі. Залда сақтардың аң стилі негізінде жасалған 200-ден астам алтын бұйымдар, тас моншақтар тағы басқа ерекше жәдігерлер бар. «Ғарыш» залында Қазақстанның ұлттық аэроғарыш өндірісіне және Қазақстан Республикасының тұңғыш қазақ ғарышкері Т.О.Әубәкіров туралы материалдар көрсетілген. «Тәуелсіз Қазақстан» залының экспозициясында көмір өндірісі, энергетика, машина жасау, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының дамуы туралы құжаттар мен жәдігерлер қойылған.
Сұрақтар
1. Мұражайда ұлттық киімдер бар ма?
2. Мұражайда ұлттық аспаптар бар ма?
3. Мұражайда зергерлік бұйымдар бар ма?
4. Мұражайда қандай құнды жәдігерлер бар?
5. Осында қандай тарихи ескерткіштер бар?
6. Мұражайда қолөнер бұйымдары бар ма?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет