2-тапсырма. Диалог бойынша сұрақтарға жауап бер.
A. Сатып алушы қандай дүкенге келді?
B. Сатып алушы нені алуға келді?
C. Кеңесші қандай түсті киімді берді?
D. Сатып алушының киім мөлшер неше?
Техника дүкенінде
-Қайырлы күн! Сізге көмек қажет пе?
-Сәлеметсіз бе! Иә, маған телефон қажет еді.
- Қандай түрін алғыңыз келеді? Айфон ба?
- Иә, айфон 14 керек. Бағасы қанша теңге?
- Қандай сыйымдылықта қажет?
-128 гб.
-128 гб бағасы 406000 тг
- Қандай түсін таңдайсыз?
Қара түсін алайын.
Жақсы, қазір жаңа қорапта алып келемін. Кассаға бар берсеңіз болады.
Жақсы, көмегіңізге рақмет.
Театрда
Айжан: - Асқар, сен театрға жиі барасың ба?
Асқар: - Иә, бос уақытымда жиі барамын. Сен ше, Айжан?
Айжан: - Мен кейде барамын, бірақ театрға баруды жақсы көремін.
Асқар: - Саған қандай спектакльдер ұнайды?
Айжан: - Маған комедиялық спектакльдер ұнайды. Саған ше?
Асқар: - Маған барлық спектакльдер ұнайды.
1-тапсырма. Дұрыс-бұрысын табыңыз.
Олар театр туралы сөйлесті.
Асқар театрға жиі барады.
Айжан театрға жиі бармайды.
Айжан театрға баруды жақсы көрмейді.
Айжан комедияны ұнатады.
Асқар барлық спектакльдер көруді жақсы көреді
2-тапсырма. Қайта тыңдаңыз. Толықтырыңыз.
Айжан: - Асқар, сен театрға 1_______________ барасың ба?
Асқар: - Иә, бос 2_______________ жиі барамын. Сен ше, Айжан?
Айжан: - Мен кейде барамын, бірақ театрға 3_______________ жақсы көремін.
Асқар: - Саған қандай спектакльдер ұнайды?
Айжан: - Маған комедиялық 4_______________ ұнайды. Саған ше?
Асқар: - Маған 5_______________ спектакльдер ұнайды.
Қарағанды облысының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры 1932 жылы құрылды. Театр алғашқы спектакльдерінен бастап өз көрермендеріне ұнады. 1964 жылы театрға шығармашылық жетістіктері үшін Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. Бұл театрда белгілі қазақ актерлері мен режиссерлері жұмыс істеді. Сахна шеберлері мен ҚР еңбек сіңірген әртістер театрдың негізін қалады. Атап айтқанда, Б.Атабаев, Е.Обаев, Г.Оганесян, Ж.Омаров, А.Оразбеков, Е.Тапенов сияқты дарынды режиссерлер театрдың
дамуына зор үлес қосты. Олар қазақ драма театры сахнасына көптеген ұлттық және әлемдік театр классикасының туындыларын шығарды. Театр репертуарынан М.Әуезовтің, К.Аманжоловтың, Т.Ахтановтың, С.Балғабаевтың, Ш.Айтматовтың, Н.Хикметтің, У.Шекспирдің, Ф.Шиллердің т.б.шығармалары орын алды.
3-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз. Дұрыс-бұрысын белгілеңіз.
Қарағанды қаласында қазақ драма театры бар.
Театр сахнасында әлем классиктерінің шығармасы қойылды.
Б.Атабаев пен Е.Обаев театрдың алғашқы режиссері болды.
Қазақ драма театрында белгілі сахна шеберлері жұмыс істеді.
1932 жылдан бері бұл театр С.Сейфуллин атында екен.
Театр ұжымы халықаралық фестивальдерге де қатысады.
Театрдың жаңа ғимараты Сейфуллин көшесінде орналасқан
Мұражайда
– Артур, сіз мұражайға қаншалықты барасыз?
– Иә, бос уақытымда жиі барамын.
– Қай мұражайға барасыз?
– Ұлттық мұражайға.
– Сізге мұражайда не ұнайды?
– Мұражайда көп қызық нәрселер бар. Маған суреттер, ұлттық киімдер және тарихи заттар
залы ұнайды.
Тапсырма
1. Ұлттық мұражай қандай?
2. Мұражай қай даңғылда?
3. Мұражайдың қасында нелер бар?
5. Мұражайда қандай залдар бар?
6. Мұражай қай күндері жұмыс істейді?
Достарыңызбен бөлісу: |