Тік төртбұрыш енінің ұзындығына қатынасы 2:5 қатынасындай. Оның периметрі 84 см. Тік төртбұрыштың енін табыңыз.
Егер үшбұрыштың бұрыштары 3:7:8 қатынаста бөлінсе, онда үлкен бұрыш нешеге тең:
Нан зауытында 240 тонна нан пісірілді. Бірінші және екінші күндегі пісірілген нан 5:3 қатынаста. Бірінші күні екінші күнге қарағанда неше тонна артық пісірілді?
Керуенде 21 түйе бар. Екі өркешті мен бір өркешті түйе саны 4 пен 3–ке сәйкес. Екі өркешті бір өркештіге қарағанда нешеге көп?
Сыныпта 27 оқушы. Қыздар мен ұлдар саны 5 және 4 сандарына пропорционал. Қыздар ұлдардан нешеге көп?
Төртбұрыш периметрі 96см. Оның АВ:ВС:CD:AD қабырғаларының қатынасы 4:6:5:9 тең. Ең үлкен және ең кіші қабырғаларының суммасы неге тең?
Үш учаскенің ауданы 60 га. Бірінші учаскенің ауданы барлығының ауданының 25%–не тең. Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары 4:5– ке қатынасындай. Екінші учаскенің ауданын табыңыз:
3 күн ішінде 12 станок 1440 бөлшек дайындады . 6 станок 25 күнде неше бөлшек дайындайды?
6 күн ішінде 2 конвейер 10700 қорап кәмпит дайындады. 3 конвейер 8 күнде неше қорап кәмпит дайындайды?
Картадағы екі ауылдың арақашықтығы 3,6 см–ге тең. Картаның масштабы 1:200 000 екені белгілі болса, онда жердегі екі ауылдың арақашықтығын есептеніз.
Картадағы екі ауылдың арақашықтығы 3,6 см–ге тең. Жердегі ауылдардың қашықтығы 10,8 км–ге тең болса, онда картаның масштабын табыңдар.
Картадағы екі ауылдың арақашықтығы 12,8 км–ге тең. Картадағы екі ауылдың арақашықтығы 1,6 см болса,онда картаның масштабын табыңдар.
Картадағы екі ауылдың арақашықтығы 12,8 км–ге тең. Картаның масштабы 1:400 000 болса, онда картадағы екі ауылдың арақашықтығын табыңдар.
Мәскеу өзенінің ұзындығы шамалап алғанда 470 км. Картадағы масштабы 1:5000 000 болса, бұл қашықтық ұзындығы қандай кесіндімен кескінделген?
Мүкжидек тосабында қанттың пайыздық үлесі 60%. Құрамындағы қанттың салмағы 4,5 кг болатын мүкжидек тосабының салмағы қанша?
Барлық кітаптың 32%–ын құрайтын 96 бетті Арман оқып шықты. Кітапта барлығы неше бет бар?
Қорытпадағы мыстың пайыздық үлесі 24%. Құрамындағы мыстың салмағы 28,8 кг болатын қорытпаның салмағы неше?
Жұмысшылар 75 км жолды асфальттап, жоспардың 30%–ын орындады. Жоспар бойынша неше км жолды асфальттау керек?
Бригада барлық жолдың 40%–ын асфальттағаннан кейін, тағы асфальттау керек 126 км жол қалды. Барлық жолдың ұзындығы қандай?
Жұмысшы барлық тапсырманың 15%–ын орындағаннан кейін, тағы жасауға 272 құрал қалды. Тапсырма бойынша жұмысшы неше құрал жасау керек?
Оқушы 25 есептің 15–ін шығарды. Оқушы есептің қанша пайызын шығарды?
500 г ерітіндіде 36 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың пайыздық мөлшері қандай?
1 кг қаймақтың құрамында 150 г май бар. Қаймақтың майлық пайызы қандай?
Тауардың бастапқы бағасы 80 теңге еді, бірақ ол 92 теңгеге дейін қымбаттады. Тауардың бағасы қанша пайызға дейін өсті?
Тауардың бастапқы бағасы 130 теңге еді, бірақ ол 169 теңгеге дейін қымбаттады. Тауардың бағасы қанша пайызға дейін өсті?
Апельсиннің бастапқы бағасы 50 теңге. Бағасы өскеннен кейін 60 теңге болды. Апельсиннің бағасы неше пайызға өсті?
Музыкалық мектепте 180 бала оқиды, оның 55%–ы қыздар. Музыкалық мектепте неше ұл бала оқиды?
Бірінші күні егістіктің 32%–на, екінші күні 28%–на егін екті. Егер егістіктің ауданы 400 га болса, егін егетін неше жер қалды?
Дүкенге 1800 кг жеміс алып келінді. Түске дейін барлық жемістің 14%–ы, түстен кейін 32%–ы сатылды. Сату керек неше жеміс қалды?
Ет турағыштың бағасы 2500 теңге. 15% жеңілдікпен ет турағыштың жаңа бағасы қандай?
Кеудешенің бағасы 5100 теңге. 12% жеңілдікпен кеудешенің жаңа бағасы қандай?
Кір жуу машинасының бағасы 14000 теңге. Кір жуу машинасы 30% жеңілдікпен жаңа бағасы қандай болады?
800 санын 10%–ға арттырып, шыққан санды 10%–ға кемітті. Сонда қандай сан шықты?
700 санын 10%–ға кемітіп, шыққан санды 10%–ға арттырды. Сонда қандай сан шықты?
Тауар 80 теңге тұрады. Бағаны 20%–ға арттырды, бір айдан кейін тағы 10%–ға арттырды. Екі өзгерістен кейін тауардың жаңа бағасы қандай?
Тауар 240 теңге тұрады. Бағаны 30%–ға кемітіп, бір айдан кейін тағы 10%–ға кемітті. Екі өзгерістен кейін тауардың жаңа бағасы қандай?
Тауар 160 теңге тұрады. Бағаны 25%–ға кемітіп, бір айдан кейін тағы 20%–ға кемітті. Екі өзгерістен кейін тауардың жаңа бағасы қандай?