Сергіту сәті «Бір қадам алға,...» әуенді қимылдар.
-Жарайсыңдар, ойынымызды жалғастырамыз.
6-тапсырма. «Ойлан, тап» Ойын: «Логикалық сұрақтар» Шарты: тәрбиеші балаларға логикалық сұрақтарды оқиды. Балалар сұрақтардағы жауапты қарындаштар санымен көрсетеді.
Болатта 1 қарындаш, Айназда 1 қарындаш, барлығы неше қарындаш?
Анасы базардан 5 алма әкелді, оның біреуін Аянатқа, тағы екеуін Жандарға берді. Неше алма қалды?
Ағашта үш торғай отыр, оған екі торғай ұшып келіп қонды. Барлығы неше торғай болды?
Менде бір доп бар еді, әкем маған екі доп сатып әкелді. Менде неше доп болды?
-Жарайсыңдар, енді қарындаштармен жаттығулар жасайық.
Саусақ жаттығуы: «Қарындаштар» -Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық. Енді не істейміз?
Ғажайып сәт Есік қағылып, есік алдына 2 қорапша табылады.
-Балалар, мында қорапта 1 деп жазылған екен, не бар деп ойлайсыңдар?
Тәрбиеші балаларды жанына шақырып, қорапты бірге ашады.
Қораптан екі түрлі (көңілді ,көңілсіз) смайликтер шығады.
-ал, екінші қорапты ашып қарадым, мұнда тәттілер бар екен , біз оны топқа барғанда таратып аламыз, солай ма?
Қолғаптан шыққан суреттегі жануарды атайды, қимылын немесе дауысын салады.
Балалар ойын шартын мұқият тыңдайды. Үлестірмелі материалмен жұмыс жасайды.
-Ия.
Балалар тәрбиеші бастаған сөйлемді аяқтауға тырысады.
Жұмбақтың шешуін табады.
-Көжек.
Балалар ойындағы тапсырмаларды орындайды.
Көңілді әуендегі мәтінге сай ырғақты қимылдар жасайды.
Балалар, логикалық сұрақтарды мұқият тыңдап, ойланып жауап береді.
Екі
Екі
Бес
Үш
Тақтада көрсетілген суреттегі жаттығуларды қайталайды.
Балалар таң қалады.
Балалардың жауаптары.
Балалар қуанады.
Рефлекция лық- түзетушілік
-Балалар, біз бүгін немен айналыстық?
-Нешеге дейін санай аламыз?
-Қандай ойындарды ойнадық?
-Қайсы ойын өте қатты ұнады?
-Қораптан не шықты?
-Балалар, егер сіздерге бүгінгі ойындарымыз ұнаған болса, көңілді смайликті, ұнамаған болса көңілсіз смайликті маған әкелесіздер.
Сабақты қорытындылау, аяқтау.