1.Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері.
2.Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.
3.Күкірт қышқылының тұздары.
4.Қолданылуы
Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері:
Концентрациялы күкірт қышқылы(H2SO4) – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/cм 3 , массалық үлесі 98%. Ол 280 0 С-та қайнайды. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.Егер концентрлі қышқыл толтырылған стаканды біраз уақыт ашық қалдырса,ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де,қышқыл ыдыстан төгіледі.Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды құрғату үшін пайдаланады.
Неліктен қышқылға су құюға болмайды?
Жауабы:
Ауыр сұйықтықты жеңіл сұйықтыққа шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет.Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп,бөлінген жылу біркелкі тарайды,ал керісінше суды қышқылға құйса,су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп,қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін
Бізде бұл реакцияның агрегаттық күйі газ,сондықтан реакцияға түсу өте қиын.Яғни,реакцияға түсу үшін белгілі бір жағдайлар қажет.Бұл реакция қайтымды.Қайтымды болғандықтан өнімнің көбірек түзілу бағытына қарай ығыстырамыз.
Күкірт қышқылының алыну жолы:
2)SO3(г)+H2SO4(с)=H2S2O7(с)
SO3 тікелей сумен қосылмайды.Сондықтан күкірт қышқылын қосып қоймалжың олиум аламыз.H2S2O7 олиум алғаннан кейін бізде концентарциясы өте күшті күкірт қышқылы түзілді.Оған әртүрлі концентрациядағы суларды қосып ерітіп ала аламыз