Күкірт қышқылы және оның тұздары



Дата11.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#137747
түріСабақ
Байланысты:
Күкірт қышқылы және оның тұздары

Күкірт қышқылы және оның тұздары.

Сабақ мақсаты:

9.2.1.14-күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Нені білуіміз керек?


1.Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері.
2.Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.
3.Күкірт қышқылының тұздары.
4.Қолданылуы

Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері:

Концентрациялы күкірт қышқылы(H2SO4) – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/cм 3 , массалық үлесі 98%. Ол 280 0 С-та қайнайды. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.Егер концентрлі қышқыл толтырылған стаканды біраз уақыт ашық қалдырса,ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де,қышқыл ыдыстан төгіледі.Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды құрғату үшін пайдаланады.

Неліктен қышқылға су құюға болмайды?

Жауабы:

  • Ауыр сұйықтықты жеңіл сұйықтыққа шыны таяқшамен араластыра отырып жайлап құю қажет.Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп,бөлінген жылу біркелкі тарайды,ал керісінше суды қышқылға құйса,су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп,қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін

Күкірт қышқылының алыну жолы:

  • 1)Күкірт диоксидін тотықтыру
  • SO2(г)+O2(г)=2SO3(г)

    Бізде бұл реакцияның агрегаттық күйі газ,сондықтан реакцияға түсу өте қиын.Яғни,реакцияға түсу үшін белгілі бір жағдайлар қажет.Бұл реакция қайтымды.Қайтымды болғандықтан өнімнің көбірек түзілу бағытына қарай ығыстырамыз.

Күкірт қышқылының алыну жолы:

  • 2)SO3(г)+H2SO4(с)=H2S2O7(с)
  • SO3 тікелей сумен қосылмайды.Сондықтан күкірт қышқылын қосып қоймалжың олиум аламыз.H2S2O7 олиум алғаннан кейін бізде концентарциясы өте күшті күкірт қышқылы түзілді.Оған әртүрлі концентрациядағы суларды қосып ерітіп ала аламыз

    3)H2S2O7(с)+H2O(с)=2H2SO4(с)

Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері

  • Концентрациялы күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштың қасиеті тән.Сұйытылған күкірт қышқылы басқа күшті қышқылдарға тән қасиет көрсетеді.
  • 1)Сатылап диссоциацияланады

    1 H2SO4↔H++HSO4- гидросульфат-ион1 HSO4- ↔H+ + SO42- сульфат-ион

2)Күкірт қышқылы металдармен әрекеттесуі:

2)Күкірт қышқылы металдармен әрекеттесуі:

H2SO4+Zn=H2+ZnSO4

3)Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:

H2SO4+CaO=CaSO4+H2O

H2SO4+2NAOH=NA2SO4+2H2O

4)Күкірт қышқылының тұздармен реакциясы:

H2SO4+BaCI2=BaSO4+2HCl

ТАПСЫРМА-1

  • Химиялық эстафета. (өзгерісті жүзеге асыр)Ең бірінші орындаған оқушыға баға қойылады.
  • 1.S→ FeS → H2 S →SO2 →SO3→H2 SO4→BaSO4

    2.SO3 →H2SO4 →KНSO4

    Барлық тапсырма дұрыс-4 балл

    Бір тапсырма дұрыс емес-3 балл

    Екі тапсырма дұрыс емес-2балл

ТАПСЫРМА-2

  • 1.17,1 г Ba(OH) 2 бейтараптауға неше гр күкірт қышқылы жұмсалады?
  • Дұрыс шығарылған есеп-4балл

№5 Практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»

  • №5 Практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»

Үй тапсырмасы:

  • §34 оқып келу, 4-тапсырманы дәптерге орындап келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет