етеді. Мүндай жаңбыр сулары су
қоймаларын ластап, пайдалануға
жарамсыз етеді. Акваториядағы
тіршілік иелеріне қауіп төнеді,
флора мен фауна жойылады.
Атмосфераны ластайтын күкірт диоксидін әртүрлі тәсілдермен
азайтуға болады. Ол үшін таскөмірдегі, түтін газындағы күкіртті
тазарту, мұнайды алдын ала өңдеу қажет.
Әкті және магнезиттік әдістер SO2 газының кальций немесе
магний
гидроксидінің
суспензияларымен
әрекеттесуіне
негізделген. Аммиак әдісі SO2 газының аммоний сульфитінің
ерітіндісіне сіңірілуіне негізделген.
Бірқатар елдерде жылу электрстансыларынан бөлінетін түтін
газдарын
регенерациялық-циклдік
әдіспен
күкірт
оксидтерінен тазартып, одан күкірт алу жобасы әзірленді.
Түтін газдары алдын ала электрсүзгілерде, содан кейін су
арқылы шаң-тозаңнан, ауыр металдардан тазартылып,
сіңіргіште SO2 натрий сульфидінің ерітіндісімен
өзара әрекеттеседі:
Na2S + 2S02 = Na2SO3 + 2S!
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |