орындалады.
Екінші саты: SO2-нің SO3-ке тотығуы
жанасу аппаратында жүреді. Бұл
сатының реакция теңдеуі:
2S02 + O2 = 2S03 + 189 кДж.
Бір оксидтің басқа оксидке айналуы
қайтымды процесс болғандықтан,
екінші саты күрделі. Сондықтан
тура реакцияның жүруіне (SO3 алу)
қолайлы
жағдайларды
таңдау
қажет.
1. Температура. Тура реакция экзотермиялық +Q болғандықтан,
химиялық тепе-теңдіктің ығысу ережесіне сай реакцияның
тепе-теңдігін экзотермиялық реакцияның бағытына қарай
ығыстыру үшін жүйенің температурасын төмендету қажет.
Бірақ басқа жағынан қарағанда, төмен температурада
реакцияның жылдамдығы төмендейді. Химик-технологтар
тура реакция нәтижесінде SO3-тің максимал мелшері түзілетін
қолайлы температура 400-500°С екенін тәжірибелік жолмен
анықтады. Бұл химиялық өндірістер үшін айтарлықтай төмен
температура,
мұндай
төмен
температурада
реакция
жылдамдығын арттыру үшін реакцияға өршіткі енгізеді. Бұл
процесс үшін ванадий (V) оксиді V2О5 ең жақсы өршіткі екені
тәжірибелік жолмен анықталды.
2. Қысым. Тура реакция жүргенде газдардың көлемі кемиді:
сол жақта 3 көлем (2 SO2 және 1 O2), ал оң жақта 2 көлем SO3.
Егер тура реакция нәтижесінде газдардың көлемі азайса,
химиялық тепе-теңдік ережесі бойынша жүйенің қысымын
арттыру қажет.
2SO2 + 1O2 = 2SO3
|