Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды.
Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді.
Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.
Мұражай мен көрмеде:
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды.
Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.
Театрда:
Спектакльдың басталуына 15-20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.
ЖРВИ және тұмаудан өзіңізді қалай сақтайсың?( Жадынама)
Қолгигиенасынұстан! Таза қол – вирустың аузыңыз бен мұрныңызға және айналаңыздағыларға тигенде жұқтырмайтындығыңызға кепілдік. Мүмкіндігінше, әсіресе қоғамдық көлікті пайдаланғаннан кейін, көшеде және қоғамдық орындарға барғаннан кейін, тамақтанар алдында және одан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе дизинфекцияға арналған құралдарды қолданыңыз. Қолыңызды кез-келген ортада тазарту үшін қол тазартқышты қолданыңыз. Бұл қарапайым шаралар сіздің қолыңыздан вирустарды алып тастауға көмектеседі!
Өзіңіз тұратын бөлмені тұрмыстық жуғыш заттарды қолданып тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын үнеміжүргізіпотырыңыз. Ең алдымен, есіктің тұтқаларына, орындықтарға, компьютер пернетақталары мен тышқандарға, телефондарға, басқару тақталарына, кеңсе жабдықтары үшін кеңсе жабдықтарының панельдеріне және күнделікті өмірде және жұмыста қол тигізетін басқа заттарды тазалауға назар аударыңыз. Осы заттарды таза ұстау – қарапайым нәрсе, бірақ маңызды ережелердің бірі! Бөлмелерді жиі желдетіп, ауаны ылғалдандырыңыз.