Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған: 1. артикуляциялық мүшелердің бұзылысы (неврологиялық механизм);
2. артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;
3. сенсорлы (перцептивті) бұзылыстар (көбіне есту);
4. аралас сенсомоторлы механизмдер;
5. артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;
6. функциональды бұзылыстар;
7. ақыл-ой дамымаушылығы;
Фонетико - фонематикалық дамымай қалушылықта балалардың бірнеше күйі болады:
Дыбыс айтылуы бұзылған кезде жеткіліксіз қиналу мен айыру анализі. Қалған дыбыс құрамы мен буындық құрылымы дұрыс анализ жасалады. Бұл фонетико - фонематикалық дамымаушылықтың жеңіл деңгейі .
Ауызша тілде жеткілікті қалыптасқан артикуляциясы бар бірнеше фонетикалық топтардан тұратын көп дыбыстарды айырудың жеткіліксіздігі. Бұл кезде дыбыстың талдау қатты бұзылады.
Терең фонематикалық дамымай қалушылықта бала сөздегі дыбысты «естімейді», оны сөз құрамынан бөліп және тізбегін анықтай алмайды.
Фонематикалық қабылдаудың төмен деңгейі:
Айтылған фонемді өз және бөтеннің тілінде айыра алмау.
Дыбыстың талдау мен жинақтаудың қарапайым формаларына дайын болмауы.
Тілдің дыбыстың құрамын талдауда қиналуы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың фонетика - фонематикалық дамымаушылығын түзету
Бұл әрекет тілдің дыбыстық жағын түзетумен фонематикалық дамымаушылығына мақсатты бағытталған логопедиялық жұмыстар арқылы орындалады.
сөздің морфологиялық құрамын дамытуға көңіл бөлу, сөзді өзгерту және олардың сөйлеммен сәйкестігін.
Балалардың жәй құрмалас және күрделі сөйлемдерді құру дағдысына тәрбиелеу.
Байланысқан тілді дамыту, әңгімемен жұмыс; түзету міндеті қойылғанды қайта әңгімелеу.
Жүре пайда болатын зейін мен есті дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың фонетика - фонематикалық дамымаушылығын түзету