саясаттану
докторы, 1942 жылы Иллинойский технологиялық
институтының
оқытушысы, 1947 жылы саясаттану мамандығы
бойынша
профессор болып шықты. 1949 жылы Питсбургтегі Карнеги-
Меллона
университетінде алғашқыда профессорлық-басқару жəне
психология
мамандығының оқытушысы (1949-1955 жж.) болып бастап,
кейіннен
Компьютерлік ғылымдар мен психология кафедрасының
меңгерушісі
болды. 1988 жылдың соңына дейін, зейнеткерлікке
шыққаннан
кейін де ұзақ жылдар жұмыс істеді. г. Саймонның негізгі
айналысқан
саласы ұйымдық шешімдерді жəне процедураларды
қабылдаудың
фундаменталды зерттеулері болды. Əділдік теориясы
бойынша
қазіргі көрнекті авторлардың бірі болып (шектеулі
рационалдылық
теория) есептеледі. Оның негізгі зерттеулерінің
нəтижелері
мына кітаптарда баяндалған: «Ұйымдастыру» (Джеймс
Марчеммен
бірігіп) (1958), «Əкімшілік мінез-құлық» жəне
«Басқарушылық шешімдердің жаңа ілімі» (1960).
Дэниел
Пинк (ағыл., Daniel H. Pink) - еңбек нарығының
құбылмалығы
жөніндегі пікірталасқа шақыратын бес кітаптың авторы.
Ол
кітаптар қалыптасқан құндылықтар əлемін төңкерістіріп жібереді,
концептуалды
дəуірдің келгенін аңдатып, мидың оң жарты шарының
салтанат
құратынын меңзейді. Дэниел Америка Құрама Штаттарының
вице
-президенті Эл Гор (Al Core) бастамасымен 1995 жылдан бастап
саяси
жəне саяси аппаратқа бірнеше мəрте ауысты, 1995-1997 жылдары
АҚШ
-тың вице-президенті Эл Гордың бас спичрайтеры болды. Пинк
Солтүстік
-Батыс университетінде бакалавриатта оқыды жəне Иель
мектебінде
заң ғылымдарының докторы болды. Ол сондайақ Ринглинга
өнер
жəне дизайн колледжінің, Уэстифилда университетінің құрметті
атақтарын
иеленді. Америкалық автордың еңбектері ұзын саны 34 тілге
аударылған
жəне əлем бойынша миллиондаған данамен таралды. Пинк
«Еркiн агенттердің ұлты: болашақ сіздер үшін жұмыс істейді» (Free
Agent Nation: The Future of Working for You) деп аталатын алғашқы
кітабы
арқылы-ақ өзінің тартымдылығымен, тосын көзқарасы арқылы
мыңдаған
адамдардың еңбекке деген қасаң көзқарасын өзгертті.
Достарыңызбен бөлісу: