Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет1/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)




Клаус
Шваб
Төртінші
индустриялық революция
Біз
бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті
қарым
-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық
революцияның
бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы,
қарымы
мен күрделілігі жағынан да осы уақытқа дейін адамзат
тарихындағы
құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды
интеллектінің
, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып
шығарудың
, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен жəне
тағы
да толып жаткані ғажайыттардың пайда болуымен барлық салада
қарыштап
көкке өрлейтін, таңгаарлық технологиялық дүмпуге куə
болмақпыз
.
Бүкілəлемдік
экономикалык Давос форумының негізін қалаушы жəне
тұрақты
президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің əлеуетiн
алдын
ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату
жолдарын
қарастыратын еңбек жазған.
Демек
, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын жəне
революциялық
технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті
жасампаз
ортаға арналған.
КІРІСПЕ
Қазіргі
қоғамның алдында тұрған алуан түрлі, күллі көкейкесті
міндеттердің
қатарындағы ең маңыздысы жəне өте өзектісі – бері
айтқанда
, адамзаттың мүлде қайта құрылуын көздейтін жаңа
технологиялық
революцияны саналы түрде түсініп, тиімді жүзеге
асыру
. Өйткені біз бүгінгі күнделікті тірлігімізді, жұмысымызды,


əдепкі
қарым-қатынасымызды түбегейлі өзгертетін сол алапат
революцияның
бастауында тұрмыз. Мен төртінші индустриялық
революция
деп санайтын бұл құбылыс ауқымы, көлемі мен күрделілігі
жағынан
адамзаттың бұрын-соңды басынан кешкендерінің
ешқайсысына
ұқсамайды.
Біз
жаңа революцияның кең құлашты, əрі буырқанған даму қарқынын
толық
түйсінудің табалдырығына енді ғана табан тірегендейміз.
Білімге
қанықтыратын ақпараттарды сақтау мен өңдеу саласының
көкжиегін
шексіз кеңітетін, ұтқыр байланыспен миллиардтаған
адамдарды
өзара шырмап байланыстыратын қоғамның ғаламат
мүмкіндіктерін
көз алдыңызға елестетіп байқаңызшы. Болмаса барлық
саланың
ауқымды арналарында туындап, бір-бірін толассыз
толықтырып
жатқан технологиялық арынды жаңалықтар легі, мəселен
жасанды
интеллект (жи), роботтандыру, интернет бұйымдар (ИБ],
автомобиль
-роботтар, үшөлшемді 3D басып шығару, нанотехнология,
биотехнология
, материалтану, энергияны жинақтау мен сақтау,
кванттық
есептеу, т.б. жөнінде ойланып көріңізші. Бұл жаңалықтардың
көпшілігі
енді ғана «бүр жарып» жатқанмен, қалай болғанда да олар
өзара
əрекеттесіп, бірін-бірі қуаттандырып, физика, биология мен
цифрлық
технология бір діңге сабақтасып, өріле келе, қуатты дүмпу
жасайтын
ғаламат күшке айналуда.
Біз
жақын болашақта барлық саладағы түбегейлі өзгерістердің: жаңа
бизнес
-модельдің пайда болуының, дəстүрлі орныққан компанияларға
дизруптивті
əсер етудің, сондай-ақ өндірістік тұтыну, тасымалдау мен
жеткізу
жүйелерінің түбірінен қайта құрылуының куəгері боламыз. Ал
əлеуметтік
салалардағы парадигмалардың ауысуы біздің жұмыс істеу,
қарым
-қатынас жасау, өз-өзімізді таныту, ақпарат алу, көңіл көтеру
мəнерімізде
бой көрсетеді. Осыған ұқсас өзгерістер үкімет деңгейінде,
мемлекеттік
мекемелер де, сондай-ақ басқа да жүйелермен қатар білім
беруде
, денсаулық сақтау мен көлік саласында болады. Бұдан бөлек,
технологияны
біздің мінез-құлқымызды, сондай-ақ өндіріс пен
тұтынудың
қазіргі қолданыстағы жүйесін өзгерту үшін
пайдаланылатын
жаңа тəсілдер - сыртқы кедергілер түріндегі көмескі,
төтенше
шығындарды қордаландырмайды, керісінше, қоршаған
ортаны
қалпына келтіру мен сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.


Бұл
өзгерістердің даму өрісінің қарқыны мен қамту ауқымы да терең,
тарихи
маңызды сипатқа ие. Тың технологияларды дамыту мен енгізу
біз
үшін əлі де беймəлім əлем жəне индустриялық революциядан
туындайтын
бұл құбылыстардың бұдан əрі қалай түрленіп, жүзеге
асатыны
жөнінде əзірге айқын түсінік жоқ. Олардың соншалықты
күрделілігі
мен бір-біріне тəуелділігі барлық салалар бойынша
ғаламдық
қауымдастықтың қатысушыларынан, үкімет, бизнес, ғылым
əлемі
мен қоғамнан қалыптасатын үрдісті жете түсінуге қажетті өзара
ынтымақтастықта
атқаратын жұмыстары үшін жауапты болуды талап
етеді
.
Бұл
орайда, мақсат пен құндылықтар бірлігіне негізделген ортақ
келешекті
қалыптастыруда біртұтас түсінік аса зор маңызға ие.
Технологиялардың
қазіргі жəне келер ұрпақтың өмірін қалай
өзгертетіні
, бүгінгі тіршілігімізге тірек етіп отырған экономиканы,
əлеуметтік
, мəдени жəне гуманитарлық ортаны қалай қайта құратыны
жөнінде
кешенді жəне біртектес түсініктің қажеттігі күн сайын артып
келеді
.
Болатын
өзгерістер сипатының ауқымдылығы сонша, əлемдік тарих
мұндай
дəуірді – ұлы мүмкіндіктер сəті мен барынша қатерлі кезеңді
əлі
басынан кешірген жоқ. Дегенмен мені көптеген көшбасшылардың
ойындағы
жайбарақаттық (революциялық емес) немесе олардың біздің
болашағымызды
қалыптастыратын дизруптивтік күш пен
инновацияны
стратегиялық тұрғыдан ұғынуға мұрша бермейтін бір
мезеттік
мəселелерге бой ұруы қатты мазасыздандырады. Кейбір
ғылыми
орта мен кəсіптік қауымдастық өкілдері біз қарастырып
отырған
үрдісті бар-жоғы үшінші индустриялық революцияның
құрамдас
бөлігі деп танитынына да жақсы қанықпын. Соған
қарамастан
, мен төртінші индустриялық революцияның даралығын
төмендегідей
үш фактормен негіздеуге болады деп санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет